Жаңалықтар

Есет-Дәрібай батырлар кесенесі жанындағы қонақүйге газ берілді

Шалқар ауданында Есет-Дәрібай батырлар кесенесі аумағында орналасқан қонақүйге газ тартылды. Қонақүй 2012 жылы салынған.

Жоба «АзияГазМонтаж» ЖШС директоры Икар Мықтығұлова демеушілігімен жүзеге асырылды. Оның құны – 11 млн теңге.

Осыған орай, салтанатты шара өтіп, оған аудан әкімі Жанболат Жидеханов, аудандық мәслихат төрағасы, аудан әкімінің орынбасары, ақсақалдар мен ауыл тұрғындары қатысты.

Аудан әкімі өз сөзінде жобаның маңыздылығына тоқталып, рухани-тарихи орындарды дамытудағы бұл бастаманың ерекше екенін атап өтті. Сондай-ақ, аудан басшысы жоба демеушісінің аймақты көркейтуге қосқан үлесіне де тоқталды.

Шарада ауыл тұрғыны Жәрдемберген Пірәлин де сөз сөйлеп, ауыл тұрғындарының атынан жобаны жүзеге асырған барлық азаматқа алғысын білдірді.

А.ІЛИЯС.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button