Пікір

Ашықтық пен дербестік — сенім кепілі

Еркін ЖИЕНАЛИН,
Amanat партиясы Ойыл аудандық филиалының атқарушы хатшысы.

25 желтоқсанда Ақтау қаласында болған әуе апаты Қазақстанның авиациялық қауіпсіздік саласындағы қырағылықты күшейтуді талап етті. Қысқа мерзім ішінде бұл оқиға халықаралық деңгейде кең талқыланып, әлемдік БАҚ-та түрлі пікірлердің туындауына себеп болды. Кейбір пікірлердің саясилануына қатысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мұндай оқиғаларды тергеу тек халықаралық стандарттар мен фактілерге негізделуі тиіс. Қазақстан бұл мәселеде ешқандай сыртқы ықпалға жол бермейді», – деп атап өтті.
Қазақстан авиациялық оқиғаларды тергеу барысында көршілес бауырлас мемлекеттермен әрдайым тығыз байланыс жасап келеді. Дегенмен бұл жолы ел халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, тергеу жұмыстарын толықтай дербес және әділ жүргізуге басымдық берді. Осыған байланысты Көлік министрі Марат Қарабаев басқаратын комиссия Embraer ұшағындағы қара жәшіктерді тәуелсіз әрі сертификатталған орталық – Бразилиядағы CENIPA-ға жіберу туралы шешім қабылдады.
CENIPA орталығы – заманауи жабдықтармен қамтылған, халықаралық деңгейде мойындалған зертхана. Бұл таңдау ИКАО стандарттарына сәйкес жасалып, Әзербайжан мен Ресей авиациялық билік өкілдерімен бірлесе пысықталды. Қазақстанның дербес ұстанымы тергеу барысының әділ әрі ашық болуын қамтамасыз етеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселені жеке бақылауында ұстап, барлық жұмыстардың халықаралық талаптарға сай жүргізілетінін нақтылады. Қазақстанның авиациялық оқиғаларды тергеудегі ашықтығы мен дербестігі ұлт қауіпсіздігі мен жаһандық сенімнің басты кепілі болып қала береді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button