Жастар

Нашақорлыққа жол жоқ!

Осындай атаумен облыстық жастар ресурстық орталығы мен облыстық полиция департаменті бірлесіп жастарға акция өткізді.

Аталған іс-шараға Ш.Берсиев атындағы жоғары ауылшаруашылық колледжінің, Ақтөбе көлік-байланыс және жаңа технологиялар колледжінің, Ақтөбе автожол колледжінің, Ақтөбе құрылыс-монтаж колледжінің және №32 мектеп-гимназияның оқушылары қатысты.

Акцияның мақсаты — жастар арасында нашақорлықтың алдын алу және оларды салауатты өмір салтына баулу.

Іс-шара барысында облыстық прокуратура қылмыстық қудалау бөлімінің аға прокуроры  Жүніс Жеңісұлы жастарға профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізсе, ювеналды полиция бөлімінің басшысы Ботакөз Жалекешовамен облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Самғат Артығалин нашақорлықтың салдары мен зияны жайында әңгіме қозғады.​

Самғат Артығалиннің айтуынша, нашақорлық — қоғам дерті. Сондықтан оған қарсы күрес жүргізуге қоғам болып атсалысуымыз керек. Әйтпесе жастар есірткіге әуес болып қана қоймай, өз болашағынан айырылады. Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейді. Бұл жерде тәртіп сақшылары, нарколог мамандар, ата-аналар, белсенді жастар мен мемлекеттік мекемелер бірлесіп жұмыс жүргізуге тиіс.

Акция соңында белсенді жастар тұрғын үйлер мен көпшілік орындарда нашақорлықты жарнамалайтын жазуларды өшірді.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button