Әлеумет

Кеңестің тақырыбы — келешек

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай аудандық мәдениет үйінде «Тәуелсіз Қазақстан: бүгіні мен келешегі» тақырыбында І ғылыми-теориялық конференция өтті.

Аудандық білім және ішкі саясат бөлімдері мен «Болашақ жолы» жастар ұйымының ұйымдастыруымен өткен конференцияның мақсаты — тәуелсіздік жылдарындағы ел дамуы жолындағы елеулі құбылыстарды  ғылыми тұрғыда зерделеп, жетістіктер мен кемшіліктерді талдау.

Конференция аясында ұйымдастырылған секциялық отырыста аталған тақырып бойынша ұстаздар мен оқушылар баяндама жасады. Баяндамашылар жастарды

азамат ретінде қалыптастырудың проблемаларын қозғады. Сонымен бірге Қазақстанның ұлт ретінде сақталуы, көпұлтты мемлекетіміздегі татулықтың баянды болуы секілді мәселелер көтеріліп, нақты мысалдармен дәйектелді.

Конференцияның пленарлық мәжілісінде талқыланған мәселелерге байланысты ұсыныстар қабылданды. Ғылыми-теориялық конференцияға қатысушыларға түрлі номинациялар бойынша аудан әкімі Б.Қаниевтің атынан дипломдар табысталды.

Нұрғиса КӨШЕРОВ,

Темір аудандық білім бөлімінің маманы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button