АЭС

Халық алдындағы үлкен жауапкершілік

Еркін ТАСТАНҚҰЛОВ,
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің
әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі проректоры

Қазіргі уақытта халық алдында үлкен жауапкершілік тұр. Қазақстанның энергетикалық болашағы үшін таңдау жасайды. Барлық адам физик емес, сондықтан қарапайым жұрт атом ядросының күші мен технологиясы туралы, электр энергиясының қажеттілігі туралы, оны салу барысында қандай қосымша мәселелер туындап, шешіледі деген сұраққа жауап бере алмайды. Сол себепті сарапшылардың түсіндіру жұмыстарын мұқият тыңдап, мамандардың айтқан ақпараттарын ғана тыңдау керек деп ойлаймын. Дей тұрғанмен түрлі пікір пайда болып, халыққа кері үгіт насихат жүргізіп жатқандар кезігіп жатыр. Мәлелен, АЭС салғаннан гөрі баламалы энергия көзін дамытуды қолдайтындар көп. Ол мәселені көтеретіндер баламалы энергия көзін қолданудың кері әсері жоқ деп ойлайды. Осы тұста мен бір мысалмен түсіндіре кетейін. Егер баламалы электр көзі тиімді дейтін болсақ, Сахара шөліне күн сәулесінен электр қуатын алатын панельдер неге орнатылмайды? Себебі ол панельдер күн сәулесін қабылдап қана қоймай, ауаны буландырады. Бу нәтижесінде бұлт пайда болып, жаңбырға айналады. Кейін ол жаңбыр жер шарын оттегімен қамтамасыз етіп жатқан орман жақта концентрацияланған бұлттардың көшуіне әкеп соғады. Нәтижесінде Оңтүстік Америка ормандары жойылып кетуі мүмкін. Сонымен қатар жел диірмендеріне тоқталатын болсақ, олар жерді коррозияға ұшыратады. Ол тұрақты энергия көзі емес. Өйткені желдің күші, жиілігі, бағытының тигізер өз әсері бар.
АЭС құрылысы ірі жоба болған соң, құрылыс та ұзақ уақыт алады. Яғни 2024 жылы референдумда бұл шешім қабылданса, кемінде 8-10 жыл уақыт өтеді. 10 жыл электр қуатымыз жететініне ешкім кепілдік бермейді. Сондықтан болашақ үшін бүгіннен бастап ойланамыз керек. Бұл — стратегиялық маңызы зор қадам.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button