АЭС

Энергетикалық қауіпсіздікті дамытуға жасалған қадам

Марат ҚОЙЛЫБАЕВ,
облыстық мәслихаттың депутаты, Ауған соғысының ардагері:

Қазақстанда атом электр стансасын салу бойынша өткен референдум еліміздің энергетика саласының болашағын айқындаудағы маңызды оқиға болды. Тұрғындардың басым бөлігі бұл жобаны қолдайтынын білдірді. Мұндай қолдау қоғамның энергетикалық жүйені жаңғыртуға және тәуелділікті азайтуға деген саналы ұмтылысын айғақтайды.
Бұл нәтиже қоғамның заманауи шешімдерді қабылдап, алдағы онжылдықтарда тұрақты және қауіпсіз энергиямен қамтамасыз ете алатын озық технологияларға сенуге дайын екенін көрсетеді.
Әрбір азаматқа маңызды мемлекеттік мәселе бойынша өз пікірін білдіру мүмкіндігін беретін референдумды дайындау және өткізу процесі ашық өтті. Атом электр стансасы — жай ғана энергия көзі емес, сонымен бірге Қазақстанның энергетикалық тәуелсіз болуына, сондай-ақ ауаға шығарылатын көміртегі шығарындыларын азайтуға көмектесетін стратегиялық құрал. Бұл климаттың өзгеруіне қарсы жаһандық күрес жағдайында да ерекше маңызды.
Сонымен қатар атом электр станциясының құрылысы елдің ғылыми әлеуетін дамытуды, жоғары білікті мамандар мен жаңа технологияларды тартуды және білімге инвестициялар құюды қажет етеді. Бұл сонымен қатар экономикаға, жұмыс орындарын құруға және технологиялық, инженерлік инновацияларды дамытуға мүмкіндік сыйлайды. Референдум нәтижесі біздің қоғамның кемелденгенін, ұзақ мерзімді шешімдерге дайындығын және елдің энергетикалық қауіпсіздігін дамытуға ұмтылысын растайды.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button