АЭС

Маңызды қадам жасалды

Ерболат ІЗТІЛЕУОВ, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті радиология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымының кандидаты:
— Референдум қорытындысы көпшіліктің басым бөлігі атом электр станциясын салуға дауыс бергенін көрсетті. Халық дұрыс таңдау жасады деп ойлаймын. Бұл, бір жағынан, тұрғындардың қуат тапшылығынан тәуелсіз болу үшін ұзақ мерзімді шешімдердің маңыздылығын түсінгендігінің бір көрінісі. Жалпы елімізде жыл өткен сайын энергияға сұраныс артып келеді. Экономика дамыған сайын энергияға қажеттілік көбеймесе, азамасы анық. АЭС салу туралы шешім көмірге деген тәуелділікті азайтуға және ұзақ мерзімді тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Егер құрылыс жүретін болса, жаңа жұмыс орындары ашылады. Бұдан бөлек ғылым мен инновациялық жобалардың дамуына ықпал етеді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button