АЭСРеферендум

Отандық ғылым мен технологияны жаңа деңгейге көтереді

Арман МОНТАЕВ,
Ақтөбе қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі:

— Қазақстанда атом электр стансасын салу мәселесіне байланысты Ақтөбеде өткен қоғамдық тыңдауларға қатысып, өз пікірімді білдірдім. Өз басым атом электр стансасын салуды қолдаймын, өйткені осы арқылы бірқатар проблема, соның ішінде электр қуатының тапшылығы мәселесі шешімін табады деп үміттенемін. Бұл — ең тиімді әрі баламалы нұсқа.
Ғалымдардың пікірінше, АЭС атмосфераға зиянды қалдықтар бөлмейді, бұл — таза технология. Оның қызметі өзеннің су деңгейіне тәуелді болмайды, тәулік бойы үздіксіз жұмыс істеп, ұзақ жылдар бойы энергия өндіреді.
Атом электр стансасының құрылысы экологияға да, еліміздің кадрлық әлеуетіне де жақсы әсер етеді. Біздегі жылу электр стансалары жаңартылатын көздерден өндірілетін электр қуатын сатып алады. Өз кезегінде бұл су, газ, көмір арқылы жұмыс істеп тұрған стансалардың қымбаттауына әкеледі. Ал электр қуатының өндірісі сенімді, тұрақты және қауіпсіз болуы керек.
АЭС құрылысы Қазақстанда атом индустриясының ғана емес, жалпы бүкіл ел экономикасының дамуына жол ашады. Атом электр стансасы экономикамен қатар, еліміздің тұрғындарын да тұрақты электр қуатымен қамтамасыз етеді және жаңа жұмыс орындары да пайда болады. Өйткені жаңа зауыттар мен фабрикалар ашуға мүмкіндік туады. Көмір мен газды атоммен салыстыруға әсте болмайды.
Қазақстан дамудан шет қалмауға тиіс, атом электр стансасы бізге сондықтан да қажет дер едім. Өйткені ол тұрақты энергиямен қамтамасыз етіп қана қоймай, отандық ғылым мен технологияны да жаңа деңгейге көтереді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button