Пікір

Заманауи білім берудің айқын стратегиясы

Лаура ҚАРАБАСОВА,

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік

Университетінің Басқарма төрағасы-ректоры.

Бірнеше жыл қатарынан Президент Жолдауы дәстүрлі түрде оқу жылының алғашқы күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Мемлекет басшысының 2022 жылғы Жолдауы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті базасында британдық Heriot-Wattуниверситеті кампусының ашылуына түрткі болды. Ең көне техникалық университетпен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты көздейтін аталмыш жоба білікті мамандарды даярлауда ғана емес, аймақтық университеттен зерттеу университетіне айналуды мақсат етеді. Расымен де,Heriot-Wattтәжірибесіне сүйене отырып, біз білім беру бағдарламаларының мазмұнын, оқыту стилін, қабылдау науқанының жұмысын және студенттермен жұмыс бөлімдерін трансформациялаудамыз. Нәтижесінде университетімізге түсуге ниетті талапкерлердің географиясы кеңейгенін де байқап отырмыз.

Биылғы оқу жылында біз еліміздің әр өңірінен ғана емес, сонымен қатар шетелдік студенттерді қабылдадық. Бұл — университетіміздегі оқу үдерісін интернационалдандыруды және студенттерге назар аударуды айтарлықтай арттырады.

Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті Жолдауында да жоғары білім беру саласын интернационалдандыруға ерекше көңіл бөлу керектігін айтты. Мемлекет басшысы еліміздегі шетелдік оқу орындары кампустарының қызметіне жан-жақты көмек пен қолдау көрсетуді тапсырды.Жолдаудағы басты идея — еліміздің кадрлық әлеуетін арттыру. Сондай-ақ еліміздің жасанды интеллектті кеңінен қолданатын, цифрлық технологиялары дамыған мемлекетке айналуына басымдық берілуі керектігі айтылды.  Келер жылы Астанада мектеп оқушылары, студенттер, ғылыми қызметкерлер мен кәсіпкерлерге арналған Ұлттық Жасанды интеллект орталығын ашуды тапсырды. Әсіресе ол болашақта сұранысқа ие болатын мамандықтар бойынша мамандар даярлауға ерекше назар аударды.

Президент тапсырмасына сәйкес, бізде Heriot-Watt университетінің ең мықты ғылыми базасына сүйене отырып, халықаралық ғылыми қоғамдастықпен ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатудамыз. Бұл серіктестік электр энергетикасы, мұнай және компьютерлік инженерия сияқты негізгі салаларды қамтып қана қоймай, біздің түлектеріміздің халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жағдай жасайды.

Бұл Жолдауда заман талабы мен қазіргі қоғам сұранысына сай сапалы білім беру жүйесін құруға бағытталған айқын стратегия көрсетілген.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button