Пікір

Бірлік бар жерде…

Сағымбек ҰЛЫҚПАНОВ,
М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті
баспасөз қызметінің жетекшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Аna tili» ұлт газетіне жарияланған «Мақсатым — экономиканы және егемендікті нығайту» атты сұхбатын оқып шықтым. Президент мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық даму бағытында жүзеге асырылған жүйелі жұмыстарға терең талдау жасап, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Басым бағыттарды белгілеп берген стратегиялық маңызы зор сұхбатта өткен жыл еліміз үшін оңай болмағаны айтылды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, ынтымағы жарасқан дана халқымыздың береке-бірлігі, ауызбіршілігі мен ұйымшылдығының арқасында кезіккен қиындықтарды еңсергенімізді тілге тиек етті. «Бірлік бар жерде тірлік бар» деп халқымыз бекер айтпаса керек.
Баршаға мәлім, барлық өңірлерде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы басталып, бұл игі бастама халықтың үлкен қолдауына ие болды. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев: «Заң мен тәртіп» — мемлекеттік құрылыстың басты қағидаты. Шын мәнінде кемел демократияның тірегі, құқықтық мемлекеттің негізі», — деп ерекше атап өтті.
Сондай-ақ ана тіліміздің рөлін одан әрі нығайту үшін бірқатар маңызды шараларға да тоқталды. «Ана тіліміз 2024 жылы әлемде ең кең таралған тілдердің арасында 79-шы орынға тұрақтады. Осы ретте күрделі әрі қарама-қайшылыққа толы кеңес заманында ана тілімізді әлемдік лингвистика картасынан жойылып кетуден сақтап қалған зиялы қауым өкілдерінің, ақын-жазушылардың, журналистер мен ғалымдардың, мұғалімдер мен мәдениет қайраткерлерінің, ауыл еңбеккерлерінің, яғни барша отаншыл азаматтардың еңбегін бағалауымыз керек. Бұдан да жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін ғылым-білім саласындағы инфрақұрылымды жаңғыртуға, мектептер мен басқа да оқу орындарында қазақ тілін үйрету жүйесін жетілдіруге қоса оқытушылардың мәртебесін арттыру мәселесін де шешу қажет», — деді. Ол дүние жүзінде 7 мыңнан астам тіл бар екенін, соның ішінде үш мыңнан астам тілге жойылып кету қаупі төніп тұрғанын айтты. Президенттің айтуынша, қазақ тілі бұл топқа кірмейді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button