Пікір

Жұмысшы мамандықтарына жастардың қызығушылығын тудыру керек

Жеңіскүл Мұхамбетпайызова, Ақтөбе жоғары политехникалық колледж директоры:

«2025 жылды Мемлекет басшысы «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялағаны бәрімізге белгілі. Өңірімізде осы бағытта жұмыстар жүргізілуде. Соның ішінде өзім қызмет жасайтын Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінде 2500-ге жуық бала білім алады. 10 жұмысшы мамандығы бойынша біз арнаулы кәсіби маман даярлаймыз.

«Жұмысшы мамандығы» жылын биыл ерекше дәріптеу, соның ішінде еңбек адамының мәртебесін көтеру бағытындағы жұмысымызды бастадық. Өндірістік мекеме орындарымен, әлеуметтік серіктестермен, жұмыс берушілермен осы біріккен жұмысымызды жүргізудеміз.

Оның ең басты мақсаты – осы мамандыққа, яғни жұмысшы мамандықтарына деген жастардың қызығушылығын туғызу, осы мамандық бойынша жұмыс жасап жатырған еңбек адамдарының дәрежесін көтеру».

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button