Пікір

Ұлт саулығы ұмыт қалмасын

Роман РАХИЕВ,

халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық ұйымының төрағасы

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен бірге жолдауды тыңдадық. Жолдауда нақты 9 мәселе айтылды. Мемлекет басшысы еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берді. Өкінішке қарай, бүгінде мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмекті алу үшін бірнеше ай бойы кезек күткендерді жиі кездестіреміз. Мұндай олқылыққа жол бермеуіміз керек. Президент Жолдауда медицина саласындағы кемшіліктерге баса назар аударды. Еліміздегі денсаулық сақтау саласын дамыту үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптeстік тетіктері арқылы ресурстарды белсенді тарту қажеттігін атап өтті. Қазір елімізде медициналық пакеттің екі түрі бар. Біріншісі — тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі. Бұл көмек түрі адамның сақтандырылғанына немесе сақтандырылмағанына қарамайды. Ал екіншісі — міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру. Бұл көмек тек сақтандырылған азаматтарға ғана көрсетіледі. Мәселен, осы уақытқа дейін магнитті резонанстық томография, компьютерлік томография немесе салалық мамандардың қызметіне ақылы түрде жүгініп жүргендер сақтандырылған жағдайда бұл қызмет түрлерін тегін ала алады. Ұлт саулығын нығайту үшін денсаулық саласындағы қордаланған проблемаларды уақытылы шешуіміз керек. Жолдауда оның жолдары анық көрсетілді.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button