Әлеумет

Оңға басқан он ай

Статистика

Әр ай аяқталған соң біткен істер сарапқа салынады. Ал әр он екі ай тұтас бір жылды құрайтынын ескерсек, өткен он айдың көрсеткіштеріне көңіл аударып қоюдың да өз салмағы бар.

Осындай ретпен облысымыздың қаңтар мен қазан айлары аралығындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындыларын ұсынып отырмыз.

Өнеркәсіп. Ауыл шаруашылығы

 

Үстіміздегі жылғы қаңтар-қазанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағалар бойынша 1017,5 миллиард теңге құрап, нақты көлем индексі 2010 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 107,9 пайыз болды. Өндірістің осы өсімін жекелей таратып өтелік:

кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу — 8,5 пайыз.

өңдеу өнеркәсібі — 3,6 пайыз;

электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау — 17,2 пайыз.

Ал сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау 12,6 пайызға төмендеді.

2011 жылғы қаңтар-қазанда ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі ағымдағы бағалармен 91,0 миллиард теңгені құрап, нақты көлем индексі 2010 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 112,5 пайыз болды.

 

Инвестиция

 

Осы кезеңде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 281,6 миллиард теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 102,1 пайызды құрады.

 

Жүк айналымы

 

2011 жылғы қаңтар-қазанда жүк айналымының көлемі 3132,4 миллион тонна-километр (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын көліктік емес ұйымдар мен кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемін бағалау есебімен) құрап, 2010 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 41,8 пайызға өсті.

 

Сауда

 

Есепті кезеңде бөлшек сауда тауар айналымының көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 194,0 миллиард теңге болып, 2010 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 22,6 пайыз өсті.

Осы мерзім аралығында көтерме  сауда  тауар айналымының көлемі 202,9 миллиард теңге құрап, 2010 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 11,8 пайыз өсті.

Тамақ өнімдері мен сусындарды ұсыну бойынша қызметтер көлемі есепті кезеңде 5401,9 миллион теңгені құрап, 2010 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 27,5 пайызға өсті.

Баға

Тұтыну бағаларының индексі 2011 жылғы қазанда 2010 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 106,0 пайыз құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар – 7,3 пайыз, азық-түлік емес тауарларға – 5,1 пайыз, ақылы қызметтерге 5,1 пайыз артты. Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2011 жылғы қазанда 2010 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 20,7 пайыз өсті.

 

Табыс. Айлық. Жұмыс

 

2011 жылғы қыркүйекте халықтың орташа жан басына атаулы ақшалай табыстары баға бойынша 45341 теңгені құрады. Өсім 2010 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда атаулы ақшалай табыстар үшін 13,5 пайыз құрады, нақты ақшалай табыстар үшін – 4,8 пайыз.

2011 жылғы қыркүйекте қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 80750 теңгені болды. 2010 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 12,7 пайызға өсті. Нақты жалақы индексі 2010 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 104,1 пайыз құрады.

Жұмыссыздар саны. ХЕҰ (Халықаралық еңбек ұйымы) әдіснамасы бойынша 2011 жылғы 3-тоқсанда бағалау бойынша жұмыссыздық деңгейі 20,7 адам, яғни 4,8 пайыз құрады. 2011 жылғы қазанда жұмыссыздар ретінде жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалардың жұмыспен қамту органдарында 3268 адам ресми тіркелген (0,8 пайыз). Жасырын жұмыссыздық деңгейі  бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санының 0,1 пайызын құрады.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2011 жылғы 1 қарашаға 12 229 бірлікті құрап, өткен                                                                                                                              жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,6 пайызға артты. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны — 8441 немесе тіркелгендер санына қатысты есептесек 69,0 пайыз. Ал жұмыспен қамтылғандардың саны 50 адамнан аз заңды тұлғалардың үлесі тіркелгендердің санына шаққанда 93,7 пайыз және жұмыс істеп тұрғандардың санына қатысты 91,3 пайыз құрады. Облыстағы шағын бизнес субъектілерінің (заңды тұлғалар) саны 8544 бірлікті құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 3,8 пайызға артты.

 

Облыстық статистика департаментінің материалдары бойынша әзірленді.

 

 

Басқа жаңалықтар

One Comment

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button