Мәдениет

«Жем-Сағыздың ән самалы»

Ән байқауы

Қалалық мәдениет үйінде 24 тамызда Байғанин ауданы әкімдігінің қолдауыменМәдениет саласының үздігі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Орал-Қосай Байсеңгірдің шығармаларын насихаттау мақсатында «Жем-Сағыздың ән самалы» атты IIаймақтық ән байқауы өтеді.

Байқауға Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Қызылорда облыстарынан 30-дан астам таңдаулы талапкер қатысып, бақ сынамақ. Ал қатысушы үміткерлердің өнерін кешке арнайы шақырылған өнер тұлғалары бағалайды. Қазылар алқасының төрағасы — Қазақстан Композиторлар одағының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаты Серікжан Әбдінұров. Қазыларалқасының  мүшелері — Мәдениет саласының қайраткері, халықаралық «Азия дауысы» байқауының жүлдегері, әнші Аллаберген Жақсыбаевпен Ғарифолла  Құрманғалиев  атындағы  Батыс  Қазақстан  облыстық  филармониясының  әншісі, «Алтын  домбыра»  сыйлығының иегері Марат Сарбөпеев.

Байқау соңында жүлдегерлер марапатталады, гала концерт өтеді. Ән байқауды тегін тамашалауға болады.

24 тамызда сағат 10.00-де іріктеу байқауы, ал кешкі сағат 19.00-де гала концерт қалалық мәдениет үйінде өтеді.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button