Жастар

Марапат пен мереке

Халықаралық жастар күніне орай Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Aqtobe Jastary – 2024» фестивалі өтті.

Іс-шараның мақсаты—әр саладағы жастар бастамаларын қолдау, қала жастарын бос уақытын тиімді пайдалануға шақыру, мемлекеттік грант жеңімпаздары атанған жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жастарды қоғамға бейімдеу, ұлттық тарих пен мәдениетті насихаттау, жастарды өзін-өзі дамытуға ынталандыру.

Фестивальде Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Қуантайұлы

жастарды мерекемен құттықтап, алар асулары мен  бағындырар белестерінің көп болуын тіледі.

Елдің ертеңгі тізгіні — жастардың қолында. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа арнаған әр Жолдауында жастардың жасампаз басталамаларын қолдайтынын ерекше атап өтеді. Жастардың болашағы үшін елімізде маңызды іс-шаралар атқарылып жатыр. Олардың баспаналы болуына,                                кәсіп ашуына бағытталған бірнеше бағдарлама бар.

Жалпы қаламызда бүгінде 14-35 жас аралығында 162 223 жас бар, бұл — қала халқының 28,4пайызы. Ерікті,  белсенді жастар әрдайым мұқтаж азаматтарға көмек көрсетуге дайын. Мысалы, көктемгі су тасқыны кезінде волонтер жастар жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, белсенді жұмыс атқарып, тұрғындарға көмек көрсетті.

Қымбатты жастар! Сіздерге артылар үміт пен жауапкершілік орасан. Әрдайым жасампаз істеріңіз бен идеяларыңызды қолдауға дайынбыз, — деді қала әкімінің орынбасары.

Сондай-ақ Қайрат Қуантайұлы  қаламыздағы белсенді жастар ұйымдарын, соның ішінде «Алаш» мүгедектер қоғамдық бірлестігі, «Стимул +» мүгедектігі бар жастар орталығы, «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы, «Жүректен-жүрекке» еріктілер тобы, «Eco Madeniet» волонтерлер қозғалысы және  Ақтөбе ⁠«Жайдарман» филиалын  мерекелік Алғыс хатпен  марапаттап,  естелік сыйлықтар табыс етті.

Фестивальде жастарға арналған түрлі алаңдар жұмыс істеді. Мәселен, демалыс алаңында аниматорлар балалардың көңіл күйлерін көтерсе, ересектер виртуалды ойындар  ойнады.

Триатлон саябағының аумағында  қала тұрғындары мен жастар саздан құмыра жасап, көркем суреттер ментекеметтер көрмесін тамашалап, ұлттық тағам түрлерінен ауыз тиді. Күйшілер күй шертіп, дәстүрлі  әншілер ән шырқады. Жастартазы ит пен  бүркітті қызықтап, суретке түсті.

Арт алаңында жастар сурет салуға арналған құрал-жабдықтармен танысып, сезімдерін сурет салу арқылы жеткізуді меңгерді.

Ойын-сауық алаңында келушілер  үстел теннисімен қатар, түрлі ойындар ойнады.Сонымен қатар  мемлекеттік грант жеңімпаздары атанған мүмкіндігі шектеулі жастар және  жас кәсіпкерлер өз жұмыстарын таныстыру мақсатында жәрмеңке ұйымдастырды.  Фестиваль «Шексіз әлем» атты концерттік бағдарламамен жалғасты.

Концерттік бағдарламада «Стимул +» мүгедектігі бар жастар орталығының өнерпаздары мен қаламызға танымал бір топ әншілер өз өнерлерін көрсетті.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button