Жастар

Экобелсенді жастар жоспары

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбеөңірлікуниверситетінің «Мәңгілік ел» залында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы шеңберінде жастар арасында «Өзіңнен баста» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Іс-шара жас жігіттер мен қыздар арасында экологиялық тәрбиенің өзекті мәселелерін талқылау үшін ұйымдастырылды. Отырысқа студенттер,жастар қоғамдық ұйымдарының өкілдері, азаматтық қозғалыс көшбасшылары қатысты. Диалогқа беделді ақтөбеліктер де шақырылып,олар жиналғандар алдында өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Оның бірі кәсіпкер Қайыржан Таңатаров жастарға қоршаған ортаны, табиғатты қорғауға үлес қосуға кеңес берді:

Биыл «Таза Қазақстан» акциясы аясында көктем-күз айларында Ақтөбе қаласының Алтын Орда шағын ауданында екі жүзге жуық қарағай егіп, қаламыздың сәнін келтіруге өз үлесімізді қостық. Жалпы қаламыз жыл сайын көркейіп, айнала абаттандырылып, жасыл желектер қоры да молайып жатыр. Осындай іс-шара қарқынды жүргізіле берсе, экологиялық тепе-теңдікті сақтай аламыз, — деп Қайыржан Таңатаров ақтөбеліктерді, оның ішінде жастарды экологиялық бағыттағы жұмыстарға белсенді араласуға шақырды.

Іс-шарада «Жасылел»облыстықштабытөрағасының орынбасары Артур Әзиев жастарарасындаэкомәдениеттіқалыптастырудың, қоршағанортағақамқорлыққұндылықтарыннасихаттаудыңмаңыздылығын атап өтті.

«ТазаҚазақстан»республикалық акциясыаясындажастардыпатриоттықбастамаға тарта отырып, облыс қалаларыменауылдарынабаттандыру бағытында көптегеніс-шараөткіздік. Биылғы маусымда жастар ауқымды жұмыстар атқарды. Соның ішінде «Таза қала — таза жағалау», «Туған қалаңа ағаш сыйла», «Менің атаулы ағашым», «Бұлақ көрсең, көзін аш!», «Ардагерлерді ардақтайық!», «Jasyl cross-2024», «Ұрпақтар сабақтастығы» және басқа да  экологиялық акциялар ұйымдастырылды. Мыңдағанжасосындаймаңыздыжәнеауқымдычеллендждіқолдады.Біз аумақтарды тазалап, абаттандырыпқана қоймай, басқаларғатуғанжерге деген сүйіспеншіліктіңүлгісінкөрсеттік, — деді ол.

Артур Әзиевтің айтуынша, биыл облыс жастары 300 тоннаға жуық күл-қоқыс шығарған. Әсіресе олар орман алқаптарын тазартуға ерекше басымдық берген.

«Жасыл ел» жастар жасағында 3-4 жылдан бері экогвардия отряды жұмыс істейді. Қазіргі таңда экогвардияның алпысқа жуық белсенді мүшесі бар. Маусым кезінде экологиялық акциялар көбіне сенбі, жексенбі күндері кең ауқымда ұйымдастырылды. «Жасыл ел» — жастар үшін өте тиімді әрі елімізде үздіксіз жұмыс істеп келе жатқан бағдарлама, — деген ол елімізде жиырма жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан бұл бағдарламаға қатысқан жастардың табыс тауып, еңбекке араласудағы маңыздылығына ерекше тоқталды.

Басқосуда өзге деэкобелсенділер сөз сөйледі,атқарылғанжұмыстартуралыайтты.

Кездесу соңында қатысушылар келер жылы да осындай жұмыс жалғасатынына, яғни жаңадан жасыл аймақтар пайда болып, аулалар мен көшелер абаттандырылатынына сенім білдірді.

Дөңгелек үстел барысында тұрақты экологиялық акциялармен ағартушылық жобалар жайы айтылып, жұмыстың негізгі бағыттары айқындалды.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button