Жастар

«Жастар — біздің болашағымыз»

Архив

Облыстың мемлекеттік архивінде Халықаралық жастар күніне орай мекеменің жас мамандары арасында «Жастар—біздің болашағымыз» атты танымдық сайыс өткізілді.

Бұл сайысқа жас мамандарҮміт Әкімжан, Әсем Дайынова, Жандос Болатов, Ислам Мақсотов, Ермахан Аманқұлов қатысты.

Облыстың мемлекеттік архивінің директоры Марат Төлебайұлы жиынды ашып,қоғамның қозғаушы күші жастардың қолында екендігіне тоқталып, Мемлекет басшысыҚасым-ЖомартТоқаев айтқандай,«біздің қандай ел боларымыз өскелең ұрпаққа байланысты» екенін алға тартты.

Сайыс 3 кезеңнен тұратын тапсырмаларды қамтыды. Ол «Кім тапқыр?» сұрақ-жауап, ақын-жазушылардың патриоттық тақырыптағыөлеңдерін жатқа айту және мақал-мәтелден білім жарыстыру, сондай-ақ «Кім жылдам?» спорттық ойындар сайысы бойынша өтті.

Жастарәртүрлі бағытта, әр қырынан өздерінің қабілеттері мен іскерлігін, шапшаңдығын, белсенділігін, шығармашылдығын көрсетуге ұмтылды.

Іс-шара барысында ақын, философ Абай Құнанбайұлының туған күніне орай оның өлеңдері оқылды.

Сайыс қорытындысында жеңімпаздарға мекеменің кәсіподақ ұйымының атынан Алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары тапсырылды.

 Жанаргүл ӘЖІҒАЛИЕВА,

Ақтөбе облысының мемлекеттің архивінің

құжаттарды пайдалану және жариялау

бөлімінің басшысы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button