Салық кодексін қабылдау мерзімі ұзартылды
Арман ЖЫЛГЕЛДІ,
«Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының Сауда және қызметтер көрсету салалық кеңесінің төрағасы:
— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ӘділеттіҚазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында еліміздегі қордаланған мәселелерге тоқталып, Үкіметке бірқатар тапсырма берді.
Мемлекет басшысы атап өткен оң тұстардың бірі — жаңа Салық кодексінің жобасын қарау шеңберінде Үкімет пен Парламентте жан-жақты талқылау жүргізу тапсырылғаны. Ел Президенті қиын болса да, дұрыс шешім қабылдау қажеттігін, бұл жерде асығыстыққа жол беруге болмайтынына тоқталып,
жаңаСалықкодексінсапалыәзірлеуүшін оны қабылдаумерзімінкелесіжылғаауыстыруғаболатынын да айтты.
Бұл мәселені бизнес-қоғамдастық Сауда және қызметтер көрсету салалық кеңесінің отырысы шеңберінде де белсенді талқылады, онда бизнес жаңа Салық кодексін қабылдау мерзімін ауыстыруды жақтады.
Сондай-ақ кәсіпкерлер бірыңғай жер салығын алып тастауды, барлық кәсіпкерлік субъектілері үшін бірыңғай төлемді енгізуді, қосылған құн салығы бойынша айналым шегін ұлғайтуды, камералдық бақылау бойынша хабарлама беруді және тағы басқа ұсыныстарды айтты.
Президентіміздің салық кодексінің қолдануға оңай және қайта-қайта өзгерістер,толықтырулар талап етпейтіндей болуын соңғы екі жыл бойы меңзеп келе жатқанын айтсақ,тұрақты салық төлемдері кәсіпті де, ірі бизнесті де болжамды, тұрақты экономика құруға талаптандырары анық.
Экономикадағы тұрақтылық — ел тұрақтылығы. Президентіміз тағы да экономиканың болашағы кәсіпкерлік пен бизнестің қолында екенін растап, анық-қанығы толықпаған жаңа салық кодексін бизнес қауымымен кеңірек талдау үшін уақыт берді.
Осы жерде айта кету керек, жаңа салық кодексі кәсіпкерлер мен орта және ірі бизнес қауымдастығының үкімет алдындағы міндеті деп түсінуіміз керек, бұл тұрғыда міндеттер үшін жауапкершілік барын да ескереміз. Президентіміз берген уақытты тиімді пайдаланып, талдауға белсенді араласуымыз қажет.