Жаңалықтар

Тұрғындардың мәселелері тыңдалды

Қабылдау

Облыс әкімі Асхат Шахаров Amanat партиясы облыстық филиалының ғимаратында тұрғындарды қабылдады.

Жеке қабылдауға келген ақтөбеліктердің дені денсаулық сақтау, тұрғын үй және жұмысқа орналасу сияқты жеке мәселелерін айтса, арасында туризмді дамыту, ауылға спорт кешенін салу, газ және ауызсу тарту, мектеп пен жол құрылысы туралы ұсыныс-тілектерін ортаға салғандар да кездесті.

Қабылдауда айтылған ұсыныс-пікірлер, өтініштер, түрлі сауалдар назардан тыс қалмай, мемлекеттік органдардың тарапынан толық зерделеніп, заң аясында шешілу жолдары қарастырылатыны баян етілді.

Өңір басшысы Темір ауданының Еңбекші ауылына ауызсу тартуды сұрап келген тұрғынға аталған мәселе бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын, келер жылы толыққанды шешілетінін алға тартты. Ал көгілдір отын осы айда беріледі. Өз кезегінде қала маңындағы Шилісай тұрғын алабында тұратын ақтөбеліктер мектеп салу жұмыстарын жеделдетуді сұрады. Әкім білім ұясын биыл тапсыру жоспарланып отырғанын хабарлады.

Еске салайық, тұрғындар облыс әкімінің қабылдауына egov порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдіктегі форнт-кеңсеге келіп, жазыла алады.

А.СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button