Жаңалықтар

Кәсіпорындарды аралады, шаруалармен кездесті

Жұмыс сапары

Облысқа жұмыс сапарымен келген Ауылшаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы кәсіпорындарды аралап, шаруалармен кездесті.Аталған кездесуге облыс әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов қатысты.

Облыстағы ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары мен тауар өндірушілермен кездескен вице-министр өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша қабылданыпжатқан шаралар жайлы айтты. Ол Мемлекет басшысы агротехникалық және цифрлық технологияларды кеңінен енгізу, сапалы тыңайтқыштар мен техниканы жаңарту деңгейін арттыру, сондай-ақ асылтұқымды мал шаруашылығын қарқынды дамыту есебінен еңбек өнімділігін арттыру міндетін қойып отырғанын тілге тиек етті.

— Биыл елімізде егіс егу және жинау жұмыстарына несие беру көлемі жылдық таза 5 пайызбен 580 миллиард теңгеге дейін жетті. Жеңілдетілген лизинг бағдарламалары қарастырылып, фермерлер алдағы уақытта отандық ауыл шаруашылығы техникаларын сатып ала алады. Сондай-ақ биылдан бастап аграрлық-өнеркәсіптік кешен субъектілеріне жылдық таза 5 пайызбен сыйақы мөлшерлемесі бойынша несие беру үшін қаржы институттарының сыйақы мөлшерлемелерін тікелей субсидиялау тетігі енгізілді. Келер жылы осы тектес айналым қаражатын сатып алуға қайта өңдеу кәсіпорындарын жеңілдікпен қаржыландыру іске қосылады, — деді Ермек Кенжеханұлы.

Вице-министр биыл облысқа егін егу және оны жинау жұмыстарына 7 млрд теңге қаржы бөлінгенін, бүгінге дейін егіс алқабының 119,1 мың гектары жиналғанын, оның ішінде гектарына 12,9 центнерден өнім алынып жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ биыл өңірімізде жергілікті ауыл шаруашылығы құрылымдары алқапқа 19,5 мың тонна тыңайтқыш пайдаланған. Жемшөп дайындауда да жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Мәселен,  бүгінге дейін облыста 2,6 млн тонна шөп немесе бір жарым жылдық жоспардың 95,7 пайызы дайындалған. Оның ішінде 5,6 мың тоннасы пішен болса, 50 мың тоннасы — сабан. Биылғы егін жинау жұмыстарына 7,4 мың тонна дизель отыны бөлінген.

— Өңірде Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тираждау бағдарламасы бойынша сүт-тауарлы фермасы салынды. Биыл облыста 5,5 миллиард теңгеге тағы 5 жобаны іске асыру жоспарлануда.Ал «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша тұрғындарға 527 шағын несие беріледі. Бұдан бөлек2024-2026 жылдарға арналған

аграрлық-өнеркәсіптік кешен инвестициялық жобаларын іске асыру жөніндегі жол картасы шеңберінде жоспарланған 110 жобаның 33-і биыл іске қосылады, — деді вице-министр.

Кездесуде шаруалар жемшөп пен мал шаруашылығын субсидиялау, шетелдік жұмыс күшін тарту бойынша квота санын көбейту, ауылдық жерлерде инфрақұрылымды дамыту, өнім экспортын арттыру, несие төлеудің бірқатар ережелеріне өзгерістер енгізу, т.б. өзекті мәселелерді көтеріп, өз ұсыныс-тілектерін жеткізді.

Бұдан кейін вице-министр Мәртөк ауданындағы «Айс» ЖШС сүт-тауарлы фермасының жұмысымен танысты. Мұнда жылына 12 мың тоннадан астам сүт өндіріледі. Кәсіпорында 75 адам жұмыс істейді. Фермада саууды бақылап, өнімді есепке алатын басқарудың компьютерлендірілген жүйесі енгізілген. Бүгінде серіктестік 885 гектар алқаптағы суармалы жерлер есебінен жемшөппен толық қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ ферманың аумағында жылына 46,3 мың тонна өнім өндіретін сүт өңдеу зауыты орналасқан. Кәсіпорын «Бизнестің жол картасы — 2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары аясында мемлекеттік қолдауға ие болған.

Жұмыс сапарының соңында Ермек Кенжеханұлы Ақтөбе қаласындағы қуаттылығы 2500 тонна жүн өңдейтін зауыттың құрылысымен танысты. Аталған жобаның құны — 6 млрд теңге. Зауытта алдағы уақытта 50 жұмыс орны ашылады. Кәсіпорынжыл аяғында іске қосылады.

Данагүл ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button