Пікір

Заң мен тәртіп мемлекет идеологиясын нығайтады

Шынар ЖАРЖАНОВА,

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы.

Халық қаhарманы, жазушы, ойшыл Бауыржан Момышұлы «Тәртіпке бағынған ел құл болмайды» деген. Кез келген елдің бүгіні мен ертеңі дамудың басты жетістігіне  тұрақтылық арқылы жете алады. Ал ел саяси, экономикалық, мәдени игіліктерге қол жеткізу үшін оның тұрақтылығына заңға негізделген тәртіп кепіл бола алады. Демократияныңда басты құндылығы — заң мен тәртіп.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың негізгі бағыттарын атап өтті. Соның тоғызыншы бағытында қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын жан-жақты бекіту қажеттігін атап өтті. Міне, осы атап өткен бағыт бойынша мемлекетімізде көптеген тиісті шаралар жасалып келе жатқаны білгілі. Біздің ұжымда, яғни М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде осы бағыттар бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Атап өтсек, «Аmanat» партиясымен бірлесе өткізілетін қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатындағы «Қарызсыз қоғам» біліктілік курсы. Университеттегі әлеуметтік қолдау орталығы, жастар ұйымдары мен кураторлар кеңесі жоспарлы түрде өткізетін шаралармен қатар, қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасында идеологияны нығайтуға бағытталған: саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану, философия, медициналық құқық, сот медицинасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері пәндерінде саяси, әлеуметтік, тәрбие мәселелерін қамтитын тақырыптар мен қатар, құқықтық сауаттылықты көтеретін пәндер оқытылады.

Ел Президентінің пікірінше, заң мен тәртіп идеологиясы мемлекеттік жүйенің, бизнестің және әрбір қазақстандықтың күнделікті өмірінің жұмыс істеуінің негізгі қағидаты болуға тиіс. Мемлекет басшысы қоғамды заң үстемдігі идеясы төңірегінде шоғырландыру ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің және Қазақстанның стратегиялық даму міндеттерін табысты іске асырудың негізгі факторы болатынына сенім білдірді. Осы мақсатта қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасында «Медициналық мамандар даярлаудағы жоғары сапалы медициналық білім беруді қамтамасыз етудің құрамдас бөлігі ретінде құқықтық құзыреттілікті қалыптастыру» жобасы өз жұмысын бастады. Алдағы уақытта болашақ және қызмет жасап жүрген медицина қызметкерлері мен дәрігерлердің құқықтық біліктілігін арттыру бағытында жұмыстар атқарылатын болады.

Жолдау мемлекет үшін заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту мәселелерінің басымдығын айқын көрсетеді. Онда айтылған бастамаларды іске асыру еліміздің одан әрі дамуы үшін берік негіз қалауға арналғанын көруге болады.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button