Басты жаңалықтар

Офицер-авиаторлар диплом алды

Қорғаныс

Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштері әскери институтының 27-ші легі — жас лейтенанттарына диплом табыстау рәсімі облыс әкімдігінің алдындағы алаңда өтті.

Оқу орнын сәтті тәмамдаған жас офицерлерді облыс әкімі Асхат Шахаров, Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов, сондай-ақ құрметті қонақтар мен түлектердің ата-аналары құттықтады.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Біз әскеріміздің әлеуетін оқу-жаттығу жиындарында ғана емес, нақты міндеттерді жүзеге асыру барысында да көріп жүрміз», — деп атап өтті. Елдің қорғаныс қабілетін нығайту және әскери кадрларды даярлау әрқашан мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала береді. Өйткені бұл — елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың кепілі. Сіздер Қазақстанның қорғаныс күштерінде қызмет ету үшін сапалы дайындықтан өттіңіздер және офицерлік корпус қатарына қабылдау үшін қажетті білім алдыңыздар. Сіздер еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы өз міндеттеріңізді адал атқарасыздар деп сенеміз, — деді облыс әкімі Асхат Шахаров түлектерді құттықтап.

Биыл әскери институттан 89 жас лейтенант қанат қақты. Оның ішінде 31-і –ұшқыш және 58-і – инженерлік мамандықты меңгерген. Олар офицерлік шендерінсалтанатты түрде лауазымды тұлғалардың қолынан алды.

Іс-шара түлектердің Жауынгерлік тумен қоштасу рәсімімен және дәстүрлі офицерлер вальсімен аяқталды. Осы маңызды күндетүлектердің бірі, лейтенант Алдияр Тұрақбайөзінің сүйіктісі Ақботаға шаңырақ көтеру туралы ұсыныс жасап, оның өмірлік жар болуға келісімін алды.

Жоғары білімді мамандар еліміздің қорғаныс саласындағы маңызды міндеттерді атқаруға дайын. Болашақта олар Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оның әскери әлеуетін нығайтуда шешуші рөл атқарады.

А.ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button