Инвестициялық жобаларға қолдау көрсетіледі
Инвестиция
Өңірлік «Атамекенде» облыс әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов инвестициялық жобаларды іске асыратын бизнес өкілдерімен кездесті.
Іс-шара Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасының салалық индустрия кеңесі аясында ұйымдастырылды.
Жиынды ашқан облыс әкімнің орынбасары жергілікті бизнестің инвестициялық қызметін жандандыруға мүмкіндік беретін шараларды талқылауға тоқталып,жиналғандарды идеялармен жобаларды бөлісуге шақырды.
— Жақында инвесторларды, инвестициялық жобаларды сүйемелдеумен айналысатын «Aqtobe Investment Center» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылды. Қазір біз барлық жобаны жинақтау үшін жергілікті деңгейде маркетингтік талдаумен айналысатын консалтингтік компанияны жалдаймыз. Орта мерзімді кезеңге арналған барлық бағыт бойынша қажеттілікті анықтай отырып, біз инвестициялар тарту жөніндегі басым бағыттарды анықтаймыз. Нәтижесінде 50-ге жуық тауашалық жобаның инвестициялық пулын жинаймыз, — деді Абзал Әбдікәрімов.
Қатысушылар тарапынан бірқатар ұсыныс айтылды, атап айтқанда, экотуризм, логистика, қонақүй бизнесі, тері өңдеу, құс өндіругеқатысты жобалары бар. Сондай-ақ кездесу барысында өңірге инвестиция тартуға кедергі келтіретін проблемалық мәселелер де айтылды. Атап айтқанда, инфрақұрылымның болмауы, шағын жобалар үшін белгілі бір преференциялардың болмауы. Сонымен қатар өңірде көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін арнайы экономикалық аймақ ашу жоспарланып отыр.
Өз кезегінде бизнесмендердің өздері «Атамекен» диалог алаңына айналғанын атап өтті, бұл жерде олар өзекті мәселелерді талқылап қана қоймай, жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен осы мәселелерді жедел шеше алатындығын айтты.
Өз тілшімізден.