Әлеумет

Жүйелі жоба — жетістік жемісі

Облыс әкімдігінде «Ауыл шаруашылығы өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» жобасын жүзеге асыру барысы» тақырыбында семинар өтті.

Бұл — Дүниежүзілік банктің қаржыландыруымен және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты «Ауыл шаруашылығы өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» жобасы үйлестіру орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асырылып жатқан шара.

Ақтөбе қаласы мен аудандардағы шаруа қожалықтарының өкілдері қатысқан семинарда жобаның оңтүстік аймақтар бойынша кеңесші-маманы Бақытжан Айтмұхамбетов пен Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институтының өкілі Мәлік Алдабергеновтер байқау  гранттары бағдарламасын және ауылдық жердің инфрақұрылымын жетілдіру бағыттарында кеңінен түсіндірді.

—  Отандық аграрлық салаға инновациялық жобалар енгізу үшін еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, ауқымды істі  жүзеге асырып жатқанына алты жылдай уақыт болды. Мақсат — ауыл шаруашылығы саласында еңбек ететін шаруаның кәсібіне қолдау көрсету. Бастаманың өзіндік ережесі бар. Бүгінгі күні республикада  шаруалар мен ғалымдардың бірігуімен жоспарланған 580-нен астам жоба тізімге қосылды, — деді Б.Айтмұхамбетов.

Аталмыш жүйе 5 бағытта іске асады. Оның ішінде ауылшаруашылық және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мен оның сапасын анықтауға арналған жекеменшік өндірістік зертханаларды жаңаша жабдықтау, өнімдердің бастапқы өңдеуін жүзеге асыратын, сақтайтын, қабылдап алатын орындарда маркетингтік инфрақұрылымды дамыту, т.б. тармақтары бар.

Б.Айтмұхамбетовтің айтуынша, бастапқыда бұл жобаға қатысушылардың саны аз болыпты. Ал қазір елімізде ауыл шаруашылығы саласындағы ғалымдардың кеңесінен кейін кәсіпті кеңейтіп, кірісті көбейту мақсатымен қайтарымсыз грант алуға ниет білдірушілердің қатары көбейіп отыр.

Арайлым НҰРБАЕВА.

 

 

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button