Әлеумет

Қарттар ғұмырын құрмет ұзартады

Алғыс

Біз, бір топ соғыс және еңбек ардагерлері, жуырда ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Астана қаласындағы Ақтөбе облысы күндеріне қатысып, жақсы әсермен оралдық. Еңселі Елорда төрінде облыстың экономикалық-әлеуметтік жетістіктері жан-жақты баяндалған көрмелер мен түрлі мәдени шаралардың куәсі атандық. Астаналық меймандар ақтөліктерге дән риза болды. Әсіресе, бұл күндері ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне келген астаналық жерлестердің қуанышында шек болмады.

Қарттардың ғұмырын үлкенге деген ізеттілік ұзартады демекші, Астанаға барған сапарымызда ардагерлердің айтулы оқиғаларға қатысуына жайлы да мінсіз жағдай жасағаны үшін облыс әкімі Архимед Мұхамбетовке, облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Зәпен Жұмабаеваға, басқарма бастығының орынбасары Сырым Әбдірахмановқа, сондай-ақ  облыстық ардагерлер кеңесіне шын көңілден алғыс айтамыз.

Бір топ ардагерлер

атынан Мұса АЛДАНИЯЗОВ.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button