Әдебиет

Жас дарындар байқауы

Байқау

Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туған күніне орай Қалалық мәдениет үйінде «Абайға арнау» атты қалалық байқау өтті.

— Біздің мақсатымыз — Абай мұрасын кеңінен насихаттау арқылы талантты жастарды табу, олардың шығармашылығын қалың жұртшылыққа таныстырып, қолдау көрсету, — дейді Қалалық мәдениет үйі директорының орынбасары Фариза Төлеубаева.

Байқауға Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Талғат Тілеулесов, Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театрының актрисасы Майгүл Мұзбаева мен қалалық тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Жазира Бақытжанова қазылық етті.

Байқау ережесі бойынша қатысушылар Абайдың бір өлеңін жатқа айтып, ақынға арнаған өлеңдерін оқыды.

Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені Анар Өтегенова жеңіп алды. Бірінші орынды Биболат Алпысбайұлы иеленсе, екінші орын Назерке Жанкееваға бұйырды. Үшінші орынды Айсұлтан Көпбергенов, Нұрсерік Тәуекелов, Назерке Асыланқызы бөлісті.

Байқау жеңімпаздарына ұйымдастырушылар тарапынан Алғыс хаттар және ақшалай сыйлықтар табысталды.

Толағай БҰРХАНҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button