Мәдениет

Топ жарған «Наз» ансамблі

Бәрекелді

Қарғалының «Наз» халықтық ансамблі Маңғыстауда өткен байқауда топ жарып, 15-тен астам би ұжымы арасынан үздік шықты. Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған қатысушылар байқауда нәтижелі өнер көрсетті.

Қарғалы ауданындағы «Наз» халықтық би тобы қазақ өнерін дәріптеп, талантты балалардың өнерін шыңдап келеді. 2014 жылы құрылған би тобы 2019 жылы «Үлгілі ансамбль» атағын қорғап шықты.

Талантты балалардың биік тұғырдан көрінуіне үлесін қосып жүрген Кәмшат Нұркаева және Назым Жанғазы сынды хореографтардың еңбегі ерекше. Олар жас бишілердің хореографиялық шеберліктерін шыңдап келеді. Алғашында «Кербез» атауымен танылған би ұжымы 2023 жылы атауын «Наз» деп өзгертіп, халықтық би ансамблі атағын алды. Өнер ұжымы өткен жылы «Би құпиясы-2023» хореографиялық байқауында 1-дәрежелі лауреат атанса, биыл «Dance non stop» халықаралық хореография байқауында гран-при жүлдесін иеленді. Осы халықаралық хореография байқауда ұжымдық номинация бойынша «Наз» халықтық би ансамблінің кіші тобы жүлделі 2-орынды иеленді. Ал жеке номинация бойынша бас жүлдені Жандая Сағитжан жеңіп алса, 1-орын Айша Батиханға бұйырды. Жетекшілері Назым Қойшықарақызы «Үздік хореограф» төсбелгісімен және Алғыс хатпен марапатталды.

Бақыт ИМАШЕВ,

Қарғалы ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button