Спорт

Екатеринаның жолдамасы

Париж — 2024

Екатерина Шабалина Париж Олимпиадасы лицензиясының иегері атанды.

Ол — Олимпиадаға біздің облыстың атынан қатысатын екінші спортшы. Бұған дейін еркін күрес шебері Юсуп Батырмырзаев (125 кг) биыл Парижде өтетін Олимпиадаға жолдама алған болатын.

Екатерина Шабалинаның Олимпиадаға баратыны жөніндегі Халықаралық триатлон федерациясының шешімі мамырдың 27-сінде белгілі болды. Біздің спортшы жолдамаға тікелей ие болған рейтингтегі 26 үздік триатлоншының, сондай-ақ аралас эстафетадан әлем чемпионатының жүлдегерлері қатарында болмағанымен, беделді жарыстарда көрсеткен нәтижелері арқылы Азия құрлығына тиесілі жалғыз жолдамаға лайықты деп танылған.Бұл жөнінен оның ұпайлары өзімен бәсекелес Гонконг спортшысы Бэйли Брауннан басым түсті.

Триатлон спорты Олимпиада бағдарламасына 2000 жылдан бастап енгізілген. Парижде бұл спорт түрінен 110 спортшы (55 ер, 55 әйел) өнер көрсетіп, үш медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Ресейлік Екатерина 2021 жылдан бастап Қазақстан атынан өнер көрсетіп келеді. Өткен жылы ол Азия чемпионы атанды.

Қазір Қазақстан ұлттық құрамасының Олимпиаданың 55 жолдамасы бар.

 А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button