Спорт

Бапкерлердің бағыты: бақ шаба ма, бап шаба ма?

Премьер-Лига

«Елімай»-«Ақтөбе» — 2:2

Екі апталық үзілістен соң 15-16 маусым күндері 11-тур ойындары өтті. «Астана» да, «Қайрат» та ұтылды. «Ордабасы» екінші орынға көтерілді.

Бұл турда «Ақтөбе» Семейде «Елімай» командасымен кездесті.

Жерлестерімізге бұл ойын оңайға түспейтіні белгілі еді. Өйткені осы айда өткен жолдастық кездесулерге ұлттық құрама сапына біздің командадан бес адам шақырылған болатын. Сол сайыстарда шаршап, оның үстіне екі ойында да ұтылып оралған жігіттерімізде кереметтей көңіл күй де бола қоймаған сияқты.

Дегенмен жанкүйерлерге лық толған «Спартак» стадионында есепті біздің жігіттер ашты. Рас, әуелі 16-минутта алаң иелері гол салып кетті. Бірақ қарсыластардың ойыншысы офсайдта болғандықтан бұл гол есепке алынбады. Ал есепке алынған голдың иесі біздің Габи Кики болды. Ол 25-минутта семейлік қақпашыны оқыс соққымен қапы қалдырды. Алайда бұл есеп таймның аяғына дейін сақталмады. Таймға қосылған қосымша екінші минутта Никита Корзун есепті теңестіріп кетті.

Ал екінші таймда, 79-минутта біздің Максим Самородов тағы бір гол соққан. Әттең, арада 5-6 минут өтер-өтпесте алаң иелері тағы да қарымта гол соқты.

Ойын осылай аяқталды.

Қалай болғанда да, биыл «Елімайдан» тез құтыла алмайтын болдық. Өткен жолы Қазақстан Кубогы аясындағы бірінші ойында жеңсек, енді сол кездесудің екінші ойыны өтеді. Чемпионат барысындағы екінші кездесуіміз және бар. Оның үстіне, несін жасырамыз, біздің бұрынғы бапкеріміз Андрей Карпович баптап жүрген «Елімай» тәп-тәуір ойын өрнегін көрсетіп жүр. Басқасын былай қойғанда, «Астананы» ұтқанын, «Қайрат», «Ордабасы» командаларымен тең ойнағанын ұмытуға бола ма.

«Елімай»-«Ақтөбе» — 2:2

Гол авторлары: Габи Кики, 25-минут (0:1); Никита Корзун, 45+2 минут (1:1); Максим Самородов, 79-минут (1:2); Реджис Родригес, 86-минут (2:2).

Ескерту қағазын алғандар: Никита Корзун, 45-минут, Реджис Родригес, 60-минут, Сада Тиуб, 88-минут («Елімай»), Бауыржан Байтана, 49-минут, Рамазан Оразов, 64-минут.

«Ақтөбе» төмендегі құрамда ойнады: Игорь Шацкий, қақпашы, Дмитрий Бессмертный, Әлібек Қасым, Габи Кики, Матео Барач, Богдан Вэтэжелу (Бағдат Қайыров, 88-минут), Леонель Струмия, Хосе Севальос (Рамазан Оразов, 46-минут), ​​​Бауыржан Байтана (Арман Кеңесов, 53-минут), Ыдырыс Умаев (Амаду Думбия, 46-минут), Жан Жайро (Максим Самородов, 61-минут).

Бас бапкер — Дмитрий Парфенов.

16 маусым 2024 жыл.  Семей қаласы, «Спартак» стадионы.

*   *   *

Басқа кездесулер:

«Шахтер»-«Атырау» — 0:3

«Тобыл»-«Қайрат» — 1:0

«Қайсар»-«Тұран» — 1:1

«Жетісу»-«Жеңіс» — 2:2

«Астана»-«Ордабасы» — 0:1

*   *   *

Біздің мергендеріміз:

Максим Самородов, жартылай қорғаушы — 5 гол;

Ыдырыс Умаев, шабуылшы — 4;

Габи Кики, қорғаушы — 2;

Әділхан Таңжарықов, қорғаушы — 1;

Әлібек Қасым, қорғаушы — 1;

Матео Барач, қорғаушы — 1;

Бауыржан Байтана, жартылай қорғаушы — 1;

Хосе Севальюс, жартылай қорғаушы — 1;

Жан Жайро, жартылай қорғаушы — 1.

*   *   *

Жерлестеріміз 10 кездесу өткізіп, 5 рет жеңді, 4 рет тең ойнады, 1 рет жеңілді. Ұпай саны — 19. Доп айырмашылығы — 17-8.

*   *   *

Он бірінші турдан соң турнир кестесінде төмендегідей жағдай қалыптасты:

Алғашқы екі орынға 19 ұпаймен екі команда шықты — «Ақтөбе», «Ордабасы».

3,4,5-орындарға келгендер: «Қайрат» (18 ұпай), «Елімай» (17 ұпай), «Атырау» (16 ұпай).

15 ұпайдан жинаған екі команда 6,7-орындарға келді: «Тобыл», «Жетісу».

8,9,10-орындарға үш команда жайғасты: «Қайсар» (13 ұпай), «Астана» (12 ұпай), «Қызылжар» (10 ұпай).

8 ұпайдан жинаған екі команда «Тұран» мен «Жеңіс» 11,12-орындарға түсті.

Ең соңғы 13-орында 7 ұпайы бар «Шахтер» тұр.

*   *   *

12-тур ойындары:

22 маусым, сенбі

«Қызылжар» — «Астана»

«Жетісу» — «Қайсар»

23 маусым, жексенбі

«Атырау» — «Тобыл»

«Жеңіс» — «Ордабасы»

«Тұран» — «Елімай»

«АҚТӨБЕ»-«ШАХТЕР»

*   *   *

Еуропа чемпионатында 4 топтың құрамалары алғашқы ойындарын өткізді.

«А» ТОБЫ

14 маусым. Германия-Шотландия — 5:1

15 маусым.Венгрия-Швейцария — 1:3

«В» ТОБЫ

15 маусым. Испания-Хорватия — 3:0

15 маусым. Италия-Албания — 2:1

«С» ТОБЫ

16 маусым. Словения-Дания — 1:1

16 маусым. Сербия-Англия — 0:1

«Д» ТОБЫ

16 маусым. Польша-Нидерланды — 1:2

Е.АХАТҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button