Денсаулық

Өз қан қысымыңды біл!

17 мамыр — Дүниежүзілік гипертониямен күрес күні.

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Дүниежүзілік артериялық гипертониямен күрес күні» тақырыбында брифинг өтті.

Әлемде миллиардтаған адам жоғары қан қысымымен ауырса, жыл сайын осы дерттен миллиондаған адам көз жұмады. Дүниежүзінде әрбір төртінші ер адам осы аурудың құрығына ілінеді екен. Ал елімізде тұрғындардың көпшілігі өз қан қысымының қандай екенін білмейді. Баспасөз жиынында облыстың бас штаттан тыс кардиологі Ирина Гусева аталған аурудың алдын алу туралы айтып өтті.

Сондай-ақ 17 мамыр күні қала мен аудан емханаларында «Өз қан қысымыңды біл!» тақырыбында Ашық есік күні өтті. Бұл жерге келушілер қан қысымын өлшетіп, қандағы холестерин деңгейін анықтады. Бұдан бөлек қаладағы Орталық стадион алдында үлкен іс-шара ұйымдастырылды. Бұл жерде мамандар тұрғындардың қан қысымын өлшеп, гипертонияның алдын алу туралы кеңес берді. Сондай-ақ балабақшаларда аурудың алдын алу, дұрыс тамақтану бойынша ата-аналармен бірге ойын түріндегііс-шаралар ұйымдастырылды.

 

Кәмшат ҚОПАЕВА.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button