Денсаулық

Сібір жарасы —қауіпті ауру

Маман кеңесі

Сібір жарасы ауруы ерте заманнан белгілі, бірақ ауру ағымының клиникалық көрінісін сипаттай отырып, мұқият зерттеуді 230 жылбұрын Петербург дәрігері

С.Андриевский бастаған.1786 жылы ол жұмбақ аурудың себебін анықтау, бұл аурудың алдын алу және тиімді емдеу жолдарын табу үшін экспедиция ұйымдастырды. С.Андриевский екі жыл бойы Челябі төңірегіндегі казак ауылдарын аралап, Сібірде таралған ауру туралы мәліметтер жинады.

1788 жылы Шехофер, судья Оловянников және дәрігер В.Жуковскийдің қатысуымен өлген жануардың карбункулынан алынған сібір жарасының таяқшалары бар сарысуды шынтақ аймағына тілік жасап, өзіне егеді. Ол өзіне жұқтырған ауруды асқынбайтұрған кезде ағымын сипаттаған, ал «ойдың бұзылуы мен ессіздігін» бастан кешірген кезде В.Жуковский жазбалар парағын өзі толтыра берді. Сонымен,С.Андриевский сауыққаннан кейін тәжірибе мен жазбаларға сүйене отырып, ауру малдан адамға жұғатын сібір жарасының жұқпалы және зооноздық сипатын нақты дәлелдеді.

Сібір жарасы — Bacillus anthracis қоздыратын, септицемиямен, терінің, ішектің, өкпенің, лимфа түйіндерінің зақымдануымен және ауру жануарлардың өлуімен сипатталатын, жануарлар мен адамдардың көптеген түрлерінің аса қауіпті, жіті септикалық ауруы.С.Андриевский аурудың жұқпалы екенін дәлелдеп, сол кезде Орал мен Сібірде кең таралғанын ескере отырып, «сібір жарасы» деп атаған. Сібір жарасының қоздырғышы қолайлы жағдайда топырақта, көңде, суда және басқа да қоршаған орта объектілерінде спора немесе капсула түрінде ондаған, жүздеген жылдар бойы сақталады. Сібір жарасының қоздырғышының споралары өте тұрақты — олар ыдыраған патологиялық материалында өлмейді, суда жылдар бойы, топырақта ондаған жылдар бойы сақталады. 120-140°С құрғақ қыздыру оларды 2-4 сағатта, ал 120°С-та автоклавта 5-0 минуттан кейін, қайнату 15-30 минуттан кейін өлтіреді.

Дезинфекциялау үшін ағартқыш ерітінділері, бейтарап кальций гипохлориті немесе белсенді хлор мөлшері 8 пайыз ДП-2 қолданылады; 10 пайыз ыстық натрий гидроксиді, 10 пайыз йод монохлориді, 37 пайыз формальдегид аэрозоль, 20 пайыз сутегі асқын тотығы,  5 пайыз сірке қышқылы аэрозоль, 7 пайыз сутегі тотығы ерітіндісі, 3 пайыз йод ерітіндісі қолданылады.

Жануарларға тамақ және су, қансорғыш жәндіктер арқылы жұғады, тыныс алғанда ауадағы споралар арқылы да жұғып жатады.

Қоздырғыштың ағзадан шығу жолдары — секрецияжәне бөлінділер. Қоздырғыш сібір жарасының спораларымен ластанған қоршаған орта объектілері арқылы (көң, төсек-орын, жем, үй-жайлар, күту заттары, шикізат және мал шаруашылығы өнімдері, топырақ) арқылы беріледі. Ең қауіпті таралу факторы — өлген жануардың өлексесі. Адамдар, негізінен, ауру малды сойғанда, сойылған малдың етімен тікелей жанасқанда немесе ауру малдың қаны сыртқы ортаға түскенде түзілетін сібір жарасының споралары бар ауаны жұтқанда жұқтырады.

Сібір жарасы — адам мен жануарлардың өліміне әкелетін өте қауіпті ауру. Ағымы мен клиникалық белгілерге байланысты аурудың екі негізгі формасы бөлінеді: септикалық және карбункулез. Патологиялық өзгерістердің локализациясы негізінде сібір жарасының тері, ішек, өкпе және ангиналды түрлері бөлінеді. Сонымен қатар  аурудың өткір, жедел, созылмалы және абортивті ағымы бар.

Жануарлардағы аурудың негізгі белгілері — қозу, дене температурасының жоғарылауы, жүрек соғысы мен тыныс алудың жоғарылауы және көрінетін шырышты қабаттардың цианозы түрінде байқалады. Жануар кенеттен құлап, құрысудан өледі. Кейде дене температурасының 42°C-қа дейін жоғарылауы, депрессия, тамақтанудан бас тарту, сиырлардағы лактацияның тоқтауы немесе күрт төмендеуі, қалтырау, жүрек қызметінің бұзылуы байқалады. Кейбір жағдайларда іш қату немесе қанды диарея болады. Қан несепте де кездеседі. Ісіну жұтқыншақ пен көмейде, мойында, кеудеде және іште болуы мүмкін. Жануарлар аурудың 2-3-ші күні өледі. Агония кезеңінде мұрын саңылауларынан және ауыздан қанды көбік сұйықтығы бөлінеді.

Жануардың сібір жарасымен ауыратынын көрсететін негізгі белгілердің бірі — өте жоғары температура және қанның ұйымауы. Жануарды сойған кезде бұл белгілер малдағы мүмкін болатын сібір жарасы ауруын болдырмау үшін дереу ветеринарға хабарласуға негіз болады. Сібір жарасына күдіктенсеңіз, ешбір жағдайда сойылған малдың өлексесін кесуді жалғастырмаңыз.

Сібір жарасына күдік туғызатын жағдайларға малдың бұрын қолайсыз аумақта жайылым кезінде немесе жер қазу жұмыстарынан кейін, нөсер жаңбырдан болмаса су тасқынынан кейін кенеттен өлуі жатады. Қойдың тынысы ауырлап, қалтырап, дірілдейді, мұрын саңылаулары мен аузынан қанды көбік бөлінеді. Жылқы мен ірі қара малда — қозу, одан кейін депрессия, ентігу, шырышты қабаттардың цианозы, температура 41-42 0С дейін көтеріліп, құрысу кезінде өлімі тіркеледі.Мәйіттердің тез ыдырауы, қатаңдықтың болмауы, қанды бөліністердің болуыбайқалаыд. Төменгі жақсүйек кеңістігінде, щек, шық, іш аймағында сынғыш ісінуболуы мүмкін.

Сібір жарасының жануардың тірі кезіндегі диагностикасы мал туралы мәліметтерді және осы ауруға тән клиникалық белгілерді жинау негізінде анықталады. Мал өлгеннен кейінгі диагнозды қою үшін өлексенің құлақ немесе құлақтың кесілген жерінен алынған қан жағындысы зертханаға жіберіледі.Құлақ екі жерден жіппен мықтап байланады және таңғыштар арасында кесіледі. Өлексенің кесілген жері күйдіріледі. Шошқа өлекселерінен ісінген тіндердің және лимфа түйіндерінің аймақтары жіберіледі. Өлексені ашып сою кезінде (шошқа өлекселерін қоспағанда) сібір жарасына күдіктенсе, көкбауырдың бір бөлігі зерттеуге жіберіледі. Микроскопиялық зерттеу нәтижесі бойынша ветеринарлық зертхана алдын ала бірден жауап береді. Қорытынды  жасау үшін патологиялық материалды тек преципитация реакциясында зерттейді.

 С.БАЙСЕЙІТОВ, Қ.СЫРМАНОВ,

республикалық ветеринариялық зертхананың қызметкерлері,

ветеринария ғылымдарының кандидаттары.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button