Басты жаңалықтарДенсаулық

Вакцина жұқпалы ауруларды «жүгендейді»

«Жоспарлы вакцинацияның арқасында жұқпалы ауруларды «жүгендеуге» болады. Алайда тез таралатын қызылша инфекциясы екпеден бас тартушылардың көбеюіне байланысты қайта бас көтеріп отыр. Адамдар індеттің салдарын ұмытып, алдын алу шараларына немқұрайды қарайтын болды.Бірақ қызылшаның көбеюі бейқам болуға болмайтынын көрсетті.  Бұл — М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі, облыстың штаттан тыс бас инфекционисі, гепатолог Мейрамбек Құрманғазиннің ә дегеннен айтқан әңгімесі. Сұқбатымыз әлемді әбігерге салған ковид, басқа да тез таралатын инфекциялар, оларға қарсы жүргізілетін күрес және вакцинация, салауатты өмір салтын ұстану төңірегінде өрбіді.

— Биыл қызылша ауруы неліктен көбейіп отыр?

Негізінен, жұқпалы ауруларға соншалықты маңыз берілмейтін. Себебі елімізде аурушаңдық бойынша бірінші орында жүрек-қан тамырлары, қатерлі ісік аурулары тұр. Бірақ инфекциялар осы аурулармен қатар жүреді, соны ұмытпауымыз керек.

Бізде вакцина арқылы «жүгендеуге»болатын 20-дан астам ауру бар.Солардың бірі — қызылша. Қызылша инфекциясы өткен жазда сырттан жұқтырған бірнеше ондаған науқастан анықталды. Студенттер мен оқушылар демалыстан оралған уақытта, яғни қыркүйекте қызылша жұқтырғандардың қатары өседі деп болжадық.Дәл солай болды.

140 орындық ауруханамыз науқастың бәрін қабылдай алмайтындықтан, қазан айында қызылшамен науқастанатындарға арналған қосымша аурухана ашу мәселесі көтерілді. Сөйтіп, көпсалалы облыстық аурухана жанынан бөлім ашылып, науқастарды «Шұғыла» шипажайында қабылдады.

Аталған жұқпалы дерт халық арасында ұмытыла бастағандай еді. Көпшілік қызылшамен тек балалар ғана ауырады деп ойлайтын. Бірақ ересектер де қызылшамен ауырып, тіпті бір-екі өлім жағдайы тіркелді. Қызылшаның өршуін бір жасқа толмағанбалаларды вакциналау және қосымша иммундау есебінен бәсеңдеттік. Екпе алған нәресте бес жасқа дейін ауырмауға тиіс. Балалардың екпе алу көрсеткіші 85 пайызға жеткенде ғана қызылшаның қарқыны бәсеңдей бастады. Қазір қызылша жұқтырғандар едәуір азайды.

Пандемия да елді біраз есеңгіретіп тастады.Облыста, елімізде ковид қашан тіркелді?

— 2019 жылдың желтоқсан айының соңында елімізде COVID-19 диагнозы белгілі болды. Бірақ ол ресми айтылмады.2020 жылдың наурыз айынан бастапкоронавирус жаппай жұғып, ауруханалар науқасқа толды. Сосын елімізде індет ошақтары көбейіп, карантин жарияланды. Инфекция шекара дегенді «түсінбейді», оған кедергі жоқ. Оған қоса біздің елге келетіндер мен шетелге шығатындар көп.Мәселен, тұмауды алайық. Қазақстанда оның екі толқыны бар: бірі  Еуропадан, екіншісі Азиядан келеді. Сол сияқты коронавирус әуелі Қытайдан, сосын туристермен бірге Германиядан «келді». Эпидемия пандемияға айналды. Бұл біздің мұндай індетке дайын еместігімізді көрсетті. Өйткені біз бастапқыда аурудан қауіптенбедік, тіркелген деректерді мойындамадық. Әлемді әбігерге салған коронавирусты вакцинацияның арқасында ғана жеңдік, екпе алған адамдардың саны 90 пайыздан жоғары болғанда ғана едәуір азайды.Қайталап айтамын, вакцина вирусты «жүгендей» алады. Бірақ коронавирус та, тұмау да түбегейлі жойылып кетпейді. Керісінше, жұқпалы вирустар түрленіп, созылмалы ауруларды асқындыра бастады. Сол кезде қауіпті топқа жататын медицина қызметкерлеріне, мұғалімдерге, тәртіп сақшыларынаәуелгі кезекте екпе салынды. Қызылшамен де, коронавируспен де күрес кезеңінде ең үлкен ауыртпалық дәрігерлер мен медбикелерге, мұғалімдер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне түсті. Олардың батылдығын, кәсіптеріне деген адалдығын атап өткім келеді. Ковид кезінде індет ошақтарында жұмыс істеген қаншама дәрігер қайтыс болды. Олар—мәңгі жадымызда.

Соңғы уақытта аурулартүрленіп, асқынып кеткенін айттыңыз. Бұл пандемияның салдары ма?

— Иә, бұл — ковидтен кейінгі жағдай, яғни имундық жүйенің жаппай бұзылуы.

Ковидтен зардап шеккендер және оның жеңіл түріменауырғандар түрлі асқынулардыбастан өткерді. Көптеген вирустар, соның ішінде қарапайым герпес белсенді бола бастады. Екінің бірі жұқтыратын герпес вирусы көбіне елене бермейді. Оны жұқтырған күнде де біз оған қарсы жақпамайды жағып, назар аудара бермейміз. Алайда герпес менингоэнцефалитке ұласып, кейде тіпті науқасты мүгедек етуі де мүмкін. Мысалы, былтырбір мұғалім герпеспен ауырды. Ацикловир жағып, 10 күн жүрген, екінші аптада менингоэнцефалит пайда болды.

Осы ретте цетомегаловирустың көбеюінебайланысты бақылаудан шығып кеткенін айтқым келеді, қазіргі уақытта оған қарсы вакцинация мәселесі көтеріліп жатыр.

«Сары ауру» деп аталатын А гепатитін алайық, 40 жасқа дейін барлық адамда антиденелер болады. Барлығы жеңіл түрде өтетін, себебі біз оған қарсы вакцинацияны жақсы жүргіздік. Ал коронавирустан кейін А гепатитімен ауыру көрсеткіші облыста, оның ішінде ересектер арасында 2,5 есеге өсті. Бұл вирустың бейімделіп, өзгеріске ұшырағанын жәнебелсендірек болғанын білдіреді.

Сонда аурудың бұлай көбеюі екпеден бас тартқаннан ба?

— Мүмкін, біз вакцинацияның қажеттілігі туралы жиі айтпайтын шығармыз, мүмкін,оны дұрыс түсіндірмейтін болармыз. Бірақ, білетінім, вакцинацияға қарсы шыққандардың көбі дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанады.

Мен оларға «Дәрігерлерге құлақ асыңыз!» деп айтқым келеді. Мысалы, сіз басқа мамандардың —  автослесарь, механик, электриктің көмегіне жүгінгендеқалай және не істеу керектігін үйретпейсіз ғой. Кейбіреулер вакциналардың көмегімен адамдарға микрочип салынады деген әңгіме таратты. Бұл — бос сөз.Мен осындай алыпқашпа әңгіме айтатындардан «Мысалы, коронавирусқа қарсы вакцинаның бір ампуласы 5 адамға арналған — әрқайсысына 1 миллиграммнан,сонда сіздің болжамды чипіңіз бес адамның қайсысына салынды?»деп сұраймын.

Кейде тұрғындар белгілі бір өндірушінің вакцинасын алғысы келмейді. Мәселен, Үндістанды артта қалған ел санайды. АлҮндістан өз халқын, сосын Қытай мен Жапонияны, басқа да Азия елдерін дәрі-дәрмекпен қатамасыз етеді.

Мысалы, коронавирус кезінде адамдар қытай вакцинасын қаламады. СосынАмерикадан «Пфайзер» әкелінді. Тұрғындар сол кезде де «бізге қалғанын жіберді» деп ашуланып, басқа өндірушіні сұрады. Мұның бәрі жай ғана сылтау екені анық. Мысалы, мен отандық «Qazvak» вакцинасынсалғыздым.Мұны өндіргенде залалсыздандырылған вирус қолданылған.Бұл ретте Ресей мен Америка басқа технологияларды қолданады екен. Әрине, біздің елдің өндіруші таңдауға мүмкіндігі бар.

ЕліміздеҰлттық вакцинация күнтізбесі бар, соған сәйкес вакциналарды уақытында алу керек. Әйтпесе қызылша сияқты аурулар қайта көбейеді. Тұрғындар жергілікті дәрігерлердің шақыруын күтпей-ақ, профилактикалық және скринингтік тексеруден өтуге келсе, жақсы болар еді. Ауру неғұрлым ерте анықталса, соғұрлым онымен күресу оңайырақ.

Біздің облыс екпеден бас тарту бойынша республикада көш бастап тұр. Ресми мәліметке сүйенсек,2,5 мыңға жуық адам екпеден бас тартқан. Дәрігерлер аудандарды аралап, түсіндіру жұмыстарын жиі жүргізеді. Бірақ жергілікті тұрғындар әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мүлде басқа мәселелерді көтереді. Кейбір инфекцияларға әлеуметтік жағдайлар тікелей немесе жанама әсер етеді. Инфекция — әлеуметтік әл-ауқаттың көрсеткіші.

Бүгінгі таңда емханалар жұқпалы ауруларға қатысты мәселелерді қайта қарап, тұрғындарды медицина мекемесіне шақырып, ерте диагностикадан өткізген медицина қызметкерлерін ынталандыратын болды. Себебі ол науқастан ауруды анықтап, оқшаулады және емдеу шараларын жасады, яғни ол инфекцияның таралуының алдын алды, басқаларды қорғады. Ал«инфекция жоқ» және «бәрі жақсы» деген көрсеткіштер үшін жарыс, деректерді жасанды түрде кемітудің соңыжақсылыққа апармасы анық. Мысалы, былтырға дейін бізде қызылшаға қарсы екпе алу көрсеткіштері жақсы болды. Бірақ соңында қызылшамен күресіп, әбігерге түстік.

Осы жерде болашақ аналарға да айтарым бар. Қазіргі уақытта кеміс боп дүниеге келетін балалар көп. Әйелдерге бұл өз денсаулығына немқұрайды қарағандықтан болатынын түсіндіргенде, олар ренжіп жатады. Кейбірі «жүктілікке дайындалдың ба?» деген сұрағыма «неге?» деп қарсы сұрақпен жауап береді. Адам саяхатқа шығарда да тамағы мен керек заттарын алып дайындалады ғой. Сонда болашақ аналар 9 айлық жүктілікке неге дайындалмайды? Әрине, дәрігерге алдын ала келіп, жұқпалы ауруларға тексеріліп, емделіп, кейін ұрпақ әкелетіндер бар. Бұл — отбасын құрудың дұрыс алғышарты.

Пандемия кезеңінде алдыңғы шепте инфекционист дәрігерлер жүргенін білеміз. Мамандар жеткілікті ме?

— Коронавирусқа дейін бізде дәрігерлер жетіспейтін. Мамандардың 20 пайызы зейнеткерлер болды, жастар жоқтың қасы, өйткені инфекционист дәрігердің жалақысы, мысалы, учаскелік полиция қызметкерлерінен 2-3 есе төмен болды. Әрине, дәрігерлер бағаланатын, табысы жақсы жерге барады. Қазір бұл мәселе қайта қаралды. Біздің бөлімшеде 70-тен астам резидент инфекционист дәрігерді оқыттық. Ал емханалардағы 60-қа жуық жалпы тәжірибелік дәрігер бастапқы даярлықтан өтті. Бүгінгі таңда еліміздің батыс өңіріне маман даярлайтын университетті 14 дәрігер бітіргелі отыр. Басқа сала мамандарымен бірге өңірлерді аралап, көмек көрсетеміз. Су тасқынына дейін Құлсарыда болдық, енді Маңғыстау облысына баруды жоспарлап отырмыз.

Көктемдеоблыстың кейбір аудандарында табиғи апат болды. Су тасқыны халыққа қандай қауіп төндіруі мүмкін?

— Су тасқынына байланысты сібір жарасының таралу қаупі бар. Бұл аурудан өлген малды арнайы қорымдарға көмеді. Себебі оның қоздырғыштары ұзақ жыл бойы өмір сүре береді. Тарихта жүз жылдан кейін де кездейсоқ ашылған қорымдар осы аса қауіпті инфекцияның таралу ошағына айналған жағдайлар болған. Тасқын салдарынан ауру мал көмілген қорымдардың ашылып, инфекцияның таралуы мүмкін. Жаман індеттің алдын алып, болдырмау үшін қосымша дәрігерлерді оқыттық, жағдайды қадағалап, бақылауда ұстап отырмыз. Сонымен қатар тасқыннан кейін жағдайы жоқ, таза су жоқ жерде ішек инфекциялары көбейеді. Бұл,негізінен,Атырау және Маңғыстау облыстарына қатысты. Мысалы, 2000 жылы сырттан әкелінген судан тырысқақ ауруы тараған. Сосын бригадамен аймақтарға барып, көмек көрсеттік. Сол кездегі жинағантәжірибем пандемия кезінде көмектесті.

— Ауырмаудың жолын айтыңызшы…

— Салауатты өмір салтын ұстанған абзал. Біз қазір шетелдің тамақтану әдеттеріне еліктеп, тез дайындалатын фаст-фуд, жартылай дайын өнімдеріне әуестене бастадық. Оларды ұзақ қолдану бауырды ластап, қызметін бұзады. Бүгінде зиянды тағамдардың кесірінен болған семіздік жастардың бас ауыртар мәселесіне айналды. Оған энергетикалық сусындар мен электронды темекіні қосыңыз. Олардың барлығы ағзаның кез келген ауруға қарсы тұру қабілетін төмендетеді.

Ұлттық тағамдарымыз құнарлы, витаминдерге бай. Бірақ адамдар табиғи өнімді тұтынбайды, оның орнына биологиялық тағамдық қоспаларды қабылдайды. Мұндай қоспаларға пайдалылығыұзақ уақытқа дейінсақталуы үшін қосымша заттар қосылады. Мысалы, консервілеу кезінде үй шаруасындағы әйелдер сірке суын қосады ғой. Бірақ қажетінен артық құйсаңыз, тұздалған қияр уға айналады. Бұл жерде де сондай.Биологиялық тағамдық қоспаларды артық мөлшерде тұтыну — зиян. Осындай қоспаларды белгіленген мөлшерден артық тұтынған жас спортшылар маған терісі сарғайып келеді. Оны ішудің де талаптары мен ережелері бар.

Айналаңызды таза ұстау дамаңызды. Сосын денешынықтырумен айналысу керек, бақытымызға орай, қала көшелерінде көптеген тегін спорт алаңдары бар.

Тұрғындар менен «ластанған» денені тазарту туралы сұрап жатады. Алдыма келген пациентке мен гепатолог ретінде ұзақ уақыт бойы дәрі жазып бермеймін. Әуелібір ай бойы диетаұстауды ұсынамын. Адамдар күмәнмен кетеді, бірақ диета ұстап, күтінгені едәуір жақсарып келеді.

«Ауру — астан» деген рас. Адам тоя тамақ ішпегені жөн. Сонда асқазанның ас қорытуға уақыты болады, ал бауыр токсиндерді кетіруге төтеп береді. Сосын адам күніне кем дегенде екі литр су ішуі керек. Таңертең аш қарынға бір стақан су ішіңіз, бұл токсиндерді арылуға көмектеседі.

Ұсақ-түйек нәрселерге ашуланбаңыз, сабырлы болыңыз. Егер адамның жүйке жүйесі мықты болса, онда ағзасы даәлсіремейді, сонда ғана иммундық жүйе инфекциялардың «құрығына» түспейді.

— Енді елімізде 11 жастан бастап қыздарды адам папиломавирусына қарсы егуді жоспарлап жатыр ма?

—  Адам папиломавирусына қарсы вакцинацияға және жатыр мойны обырының алдын алуға дайындық жүргізіліп жатыр. Дәрігерлер жасөспірімдер арасында да қатерлі ісік ауруларының кездесетінін айтып отыр.

Кез келген вирус немесе микроб — биологиялық түр. Бұрын тұмау адамда ғана табылса, кейінгі жылдары түрлене бастады. Әуелі шошқа тұмауы, сосын құс тұмауы таралды. Вирустар үздіксіз зерттеліп жатыр. Ғалымдар вирустардың енді аттың денесіне бейімделетінін, яғни жылқы тұмауы болатынынболжап отыр.

Егер кейбір инфекция агрессивті түрде әрекет етсе, ғалымдар оған қарсы вакциналау мүмкіндігін қарастырады.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button