Ауыл

Ауылға бар, жас маман!

«Дипломмен — ауылға» — қолға алынған 15 жылдың ішінде мемлекетке де, жас мамандарға да тиімді екенін дәлелдеген бағдарлама. Бұның басқа бағдарламалардан өзгешелігі — аты айтып тұрғандай, дипломын қолына алған жас маман ауылға барса, мемлекет есебінен біржолғы көтермеақы ала алады. Сонымен қатар төмендетілген пайызбен несие алып, сол қаражатқа жергілікті жерден тұрғын үй сатып алады. Жағдайын жасаған жас маман  жұмысын ауылда жалғастыра береді.

2009 жылдан бастау алған бағдарлама аясында бүгінгі күнге дейін Мұғалжар ауданы бойынша 127 маман бюджеттік несие алып, тұрғын үймен қамтылған. Ал 404 жас маманға көтерме жәрдемақы беріліпті.

Тек былтырдың өзінде Ақкемер мен Жұрын ауылдық округтеріне барған 5 маман тұрғын үймен қамтылды. Оның төртеуі — білім, біреуі ветеринария саласында еңбек етеді. Бұдан басқа дипломмен ауылға барған 25 жасқа көтермеақы төленді.

«Дипломмен — ауылға» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы жұмыстар биыл да жалғасады. 2024 жылы аудан бойынша 3 жас маманды тұрғын үймен қамтып, 20 жасқа көтермеақы төлеу жоспарланып отыр.

Жандос АЙТЖАН,

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button