Ауыл

Жаңа көліктер берілді

Облыс әкімдігінде ауылдық елді мекендердің өрт сөндіру бекеттеріне арналған арнайы автокөліктердің кілттері табыс етілді.

Олардың барлығы табиғи және тұрмыстық өрттерді сөндіруге арналған арнайы құрылғылармен жабдықталған.

Облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов кілт тапсыру рәсіміне қатысып, автопарктің ұлғаюуы өрт сөндіру бөлімшелері жоқ алыс ауылдық елді мекендеріне  жеделдікті арттыруға оң әсерін тигізетініне сенім білдірді.

Өрт сөндіру бекеттері — азаматтық қорғаудың жалпы жүйесінің ажырамас бөлігі. Бекет қызметкерлері өз аумағында отпен және басқа да төтенше жағдайлармен күресу бойынша бірдей жауынгерлік міндеттерді орындайды.

Ол үшін кәсіби дағдылар ғана емес, сонымен қатар мықты жетілдірілген материалдық-техникалық база болуы қажет.

Бекеттерге қызметтік шағын өрт кешенді машиналардың 18 кілті берілді, осылайша облыстың 18 ауылдық округінің өртке қарсы қорғанысы қамтамасыз етілді.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button