Ауыл

Ақшатауда ауылдық клуб ашылды

Игі іс

Өткен аптада Ақшатау ауылында клуб ашылды. Бұл нысанның салынуына жанашыр азаматтар мен шаруа қожалықтарының басшылары демеушілік жасады.

Елдің жанашыр азаматтары ғимараттың әр тасын өз қолдарымен қалап, толықтай құрылыстың басы-қасында болды. Ғимараттың салынуына халықтан 2 млн 419,0 мың теңге жиналып, жергілікті бюджеттен 9,0 млн теңге қаражат бөлінді.

Нысанның ашылуында «ТТиК» отбасы денсаулығы орталығының басшысыТөлеу Сапаров жиналғандарды құттықтап, жылы лебізін білдірсе, аудандық мәслихат төрағасы Сәкен Займолдин клуб құрылысына демеушілік танытқан азаматтарды Алғыс хаттармен марапаттады.

Салтанатты іс-шарада жаңа ғимараттың лентасын ауылдың жанашыр азаматтарыТөлеу Сапаров пен Мінсізбай Жайлыбаев қиды. Ақжаулықты аналарымыз шашу шашып, іс-шара мерекелік ән-шашумен жалғасын тапты.

Ақшатау ауылдық клубы 2019 жылы ауыл халқының асарлатып бастама көтеруімен қаланған болатын. Сол жылы жиналған қаражатқа құрылыс материалдары алынып, ауыл тұрғындары іргетасын кұйып, қабырғасын қалап берді. 2020 жылы пандемия салдарынан құрылыс жұмыстары тұралап қалған еді. Биыл құрылыс жұмыстары қайта жалғасты. Қабырғасы қаланған ғимаратқа ауыл жанашырлары, жерлестеріміз қаржы бөліп, ауыл жастары мен балалардың өнерінің шыңдалуына, бос уақытының тиімді өтуіне және ауыл мәдениетінің дамуына үлес қосатын ғимарат құрылысына қолдарынан келген көмегін аянып қалмады.

 Серікбай ҚОЙБАҒАРОВ,

Ойыл ауданы. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button