Білім

Педагогикалық шеберхана ашылды

Мектеп

Ақтөбе қаласындағы №75 орта мектепте «Әдістемелік кабинеті» коммуналдық-мемлекеттік мекемесініңжоспарына сәйкес химия пәні бойынша педагогикалық шеберхананың ашылуы өткізілді.

Аталған шеберхана отырысына №75 мектептің мұғалімдері және қала мектептерінің химия пәні мұғалімдері қатысты. Әуелі «Әдістемелік кабинет» әдіскері А.Садықова және мектеп директоры М.Наменова кіріспе сөз сөйледі. Мектептің жас өнерпаздары қонақтарға өнерлерін көрсетіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Химия пәнінің мұғалімі Д.Румағанбетованың айтуынша, шеберхананың мақсаты — химия пәнінен күрделі есептерді шығарудың тиімді жолдарын қолдана отырып, пән мұғалімдерімен тәжірибе алмасу. Одан әрі ол әріптестері арасында танысу тренингін, «Проактивті мұғалім дағдылары» тақырыбында коучинг өткізіп, химиялық реакцияның жылдамдықтарына есептер шығарудың ыңғайлы әдістерін көрсетті. Іс-шараға қатысқан химия пәнінің мұғалімдері кәсіби шеберлікті арттыру, озат тәжірибе алмасу және күрделі есептерді шығарудың тиімді жолдарын сабақта қолдану үшін шеберхана ашылғанына ризашылықтарын білдіріп, әркім өз тәжірибесіндегі тиімді тәсілдерімен бөлісті.

 Күләш ҚАЛИЕВА,

№75 орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button