Денсаулық

35 мыңнан астам адам қызылшаға қарсы екпе алды

Өңір басшысы Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында Ақтөбе облысындағы қызылша ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай қаралды.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Райхан Қойшанова атап өткендей, облыс тұрғындары арасында қызылшаның алдын алу және эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында облыстық штабтың құрамы, қосымша жаппай иммундау жөніндегі кешенді жоспар, халықпен кездесук естесі бекітілген.

5 қаңтардағы ахуал бойынша облыста зертханалық әдіспен қызылшаның 2,2 мыңнан астам жағдайы расталды. Науқастардың 84 пайыздан астамы—қызылшаға қарсы екпе алмаған балалар. Негізінен,бұл ауруға 1 жастан 5 жасқа дейінгі балалар шалдығады.

6 қарашадан бастап қызылшаға қарсы жаппай иммундау жүргізіліп жатыр. 4 қаңтардағы дерекке сәйкес Ақтөбе облысында қосымша жаппай иммундау аясында 35,6 мыңнан астам адам екпе алды.

Қазіргі эпидемиологиялық ахуал жан-жақты қаралған жиында облыс әкімі қызылшамен сырқаттанушылықты төмендетуге қатысты бірқатар тапсырма берді. Оның ішінде халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігі айтылды.

— Вакцинация қажеттілігі туралы, әсіресе екпеден бас тартқан адамдар арасында түсіндіру жүргізу, профилактикалық жұмыстарды жандандыру қажет, — деді облыс басшысы.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button