Білім

77 оқушы облыс намысын қорғайды

Олимпиада

Облыстық олимпиада қорытындыланды. Нәтижесінде 77 бала республикалық білім бәйгесіне жолдама алды.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың облыстық кезеңінде барлығы 1083 оқушы бақ сынады. Оның  496-сы — ауыл балалары.

Облыстық олимпиаданың қорытындысы бойынша барлығы 462 бала жүлдегер атанды. Оның 102-сі жеңімпаз болса,  149 оқушы ІІ орын иеленді.  211 оқушы ІІІ орын алды. Жеңімпаз атанған 102 оқушының 19-ы — ауыл балалары.

72 оқушы квота бойынша республикалық кезеңге қатысады. Сондай-ақ халықаралық олимпиаданың 5 жүлдегері бақ сынайды. Халықаралық білім бәйгесінің жеңімпаздары үшін квота арнайы бөлінеді, — дейді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова.

Республикалық олимпиада 15-17 қаңтарда жаратылыстану-математикалық бағытта өткізіледі. Ал қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы білім бәйгесі 18-21 қаңтарда ұйымдастырылады. Екі бағыттағы олимпиада да Астана қаласында өтеді.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button