Білім

Балаларға базарлық

Мектеп

Бала болашағы үшін бірінші кезекте сапалы білім мен саналы тәрбие қажет. Ал тәрбиенің тал бесігі —ата-ананың көрсетер үлгісі мен ұлағаты.

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде ата-аналарға өзін-өзі тәрбиелеуді ұйымдастыруда көмек көрсету, сондай-ақ психологиялық-педагогикалық мәдениетін арттыру мақсатында Хромтау ауданының Тасөткел орта мектебінде «Даналық мектебі» ата-аналарды педагогикалық қолдау бұрышы ашылды. Салтанатты шарада мектеп директоры  Н.Баймурзина алғысөз айтып,шараның маңыздылығын тілге тиек етті. Қонақтар да өз тілектерін айтты. Артынша оқушылар өз өнерін көрсетті.

Осы «Даналық мектебі» бұрышының жасақталуына ағайынды Ербол Әділов пен Өтеген Нұрболдың үлесі зор. Аталған азаматтарға мектеп ұжымы соңында ризашылығын білдірді.

Г.ОМАРОВА,

Тасөткел орта мектебінің мұғалімі.

Хромтау ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button