Білім

Облыстық олимпиада басталды

Олимпиада

Облыстық білім бәйгесінде барлығы 1083 оқушы бақ сынап жатыр. Олимпиада Ақтөбе қаласындағы  №17 гимназиясында  өтуде.

Олимпиаданың мақсаты —оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен практикалық дағдыларын тереңдету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысатынбалаларды іріктеу және даярлау.

Олимпиаданың облыстық кезеңі классикалық олимпиадалық тапсырмалар түрінде, екі тур бойынша ұйымдастырылуда. 

Білім бәйгесі 15 пән бойынша өткізіліп жатыр. Балалар жаратылыстану-математикалық (математика, физика, химия, биология, география, информатика) және қоғамдық-гуманитарлық (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі) бағыттар бойынша сынға түсуде.

1083 оқушының жартысына жуығы (429) — ауыл балалары. Қала мектептерінен — 496, облыстық білім беру ұйымдарынан 158 оқушы қатысып жатыр, — дейді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова.

Айта кету керек, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші кезеңі кеше басталған болатын.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button