Светлананың ән-сәлемі
Шығармашылық кеш
Темір ауданына қарасты Қопа ауылының қызы — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Светлана Айтбаева жерлестеріне шығармашылық кешін ұсынды.
«Алаш аманаты» деп аталған концерттік бағдарламаны «Sarmad» этнофольклорлық ансамблі сүйемелдеп отырды. Жеке дауыста және өмірлік серігі Қанат Айбаевпен бірге халық әндері, эстрадалық әндер орындалған кешті жүргізген — белгілі сазгер Орал Байсеңгір.
Концерт соңында аудан әкімі ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, Светланаға «Темір ауданына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін тақса, өзге өнерпаздарға Алғыс хаты мен естелік сыйлықтарын табыстады.
Сондай-ақ ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, ҚазақстанЖурналистер одағының мүшесі Абай Әлібекұлы «Халықаралық Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев қорының» Президенті Эльдар Қонаевтың Алғыс хаты және «Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 110 жыл» мерекелік медалін тапсырды.
Концертті аудандағы атқарушы билік өкілдері, жергілікті мәслихат депутаттары, тұрғындар тамашалады.
Айәли АЙБЕК.