Білім

Бағдарлама және ұлттық құндылық 

Мектеп

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Оқу-ағарту министрлігі 2023-2025 жылдарға арналған «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» әзірледі. Соған байланысты арнайы жоспар бекітілді. Жаңа оқу жылынан бастап

бағдарлама барлық білім беру ұйымына енгізілді. Бұл құжат  ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Басты мақсат — жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беру. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуға тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалған. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу — бағдарламаның басым бағыты.

Бағдарлама аясында көптеген шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Соның бірі 11-15 жастағы оқушылар үшін «Гаджетсіз демалыс» күндері ұйымдастырылады. Сондай-ақ кітап оқу, спортпен шұғылдану, табиғат аясында серуендеу, т.б. шаралар өткізіледі.

Бағдарламаны жүзеге асыру аясында мектебімізде «Ата-аналарға педагогикалық қолдау орталығы» құрылып, жұмысын бастады. Орталықтың басты мақсаты —балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасы мен мектептің өзара байланысын нығайту.

Арайлым ҚАРМЫСОВА,

№75 мектеп директорының

тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button