Ауыл

Жаңатұрмыстағы қуаныш

Қ.Жұбанов ауылдық округіне қарасты Жаңатұрмыс ауылына газ берілді. Салтанатты іс-шараға аудан әкімі Дархан Ермағанбетов және ауыл тұрғындары қатысты.

Әуелі аудан әкімі ауыл тұрғындарын қуанышымен құттықтады. Аудан басшысы ел ішінде жүргізіліп жатқан жұмыстардың, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауының негізгі мақсаты — халықтың әлауқатын көтеру екендігін және бұл жұмыстар жүйелі түрде жүргізілетіндігін айтты.

Отыз үйлі Жаңатұрмыс ауылында 152 тұрғын тұрады. Солардың бірі Шекер Есентілеуова көгілдір отынның келуіне атсалысқан азаматтарға ауылдастары атынан алғысын жеткізді.

Аудан басшысы көгілдір отынның игілігін алғашқылардың бірі болып көріп отырған ауыл тұрғыны Бердімұрат Аликуловтың шаңырағында болып, қуаныштарына ортақтасты.

Жаңатұрмыс ауылына газ тарту жұмыстарын «АСК-7 НС» ЖШС-ы жүргізді.

Соңғы жылдары Жаңатұрмыс ауылында бірқатар игі істер атқарылды. Мәселен, КБМ кешенді блок-модулі ауызсу ұңғымасы орнатылды. Сонымен қатар Жаңатұрмыс негізгі мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жаңатұрмыс ауылы — ғылым мен білімді меңгеріп, рухани мәдениеттің өркендеуіне сара жол салған алаштың ардақты ұлдары — ағайынды Құдайберген мен Ахмет Жұбановтардың туған жері. Бұл жерде ғалымдардың әкесіҚуан атаның қасиетті құдығы бар.

Жандос АЙТЖАНОВ,

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button