Ауыл

Ел тарихы, ауыл шежіресі

Қарабұтақ музейіне — 30 жыл

Жақында Әйтеке би аудандық музейінің Қарабұтақ ауылындағы бөлімі 30 жылдығын атап өтті. Осыған орай Қарабұтақта кең көлемді шара өтіп, музейде «Ауданның құрметті азаматтары» атты экспозицияның таныстырылымы болды.

Бұдан соң ақпараттық-танымдық конференция ұйымдастырылды.

Қарабұтақ ауылындағы Әйтеке би атындағы музейдің тарихы 1993 жылдан бастау алады. Сол жылы ауданда Әйтеке биді еске алу күндері өтіп, мұражай ашылған екен. 2005 жылдан бастап Әйтеке би аудандық «Халықтар достығы» музейінің филалы болып жұмыс жасады. 2007 жылы облыс әкімінің 28 ақпандағы шешімімен Қарабұтақ ауылдық музейі құрылды. Бұл мекеменің 2013 жылдан 2018 жылдың қыркүйегіне дейінгі атауы — Қарабұтақ ауылдық музейі. Ал 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап Әйтеке би аудандық музейініңҚарабұтақтағы бөлімі ретінде жұмыс жасап тұр.

Мекеме жұмысының алға жүруі де, тұралап қалуы да басшысына тікелей байланысты. 1993 жылы Қарабұтақ аудандық мұражайдың алғаш ашылуына атсалысқан әрі басқарған Сейілхан Әбдікәрімовтің еңбегін айтпай кетуге болмайды. Ал одан кейінгі жылдары басшылық еткен Рыскен Жаманованың да есімі музей тарихында алтын әріптермен жазылады. Орынгүл Ідірісова, Сара Құндызбаева, Рая Байзақовалардың да еңбегі ел аузында.

Қарабұтақ ауылдық музейінің директоры Рая Байзақова жәдігерлер мекенінің күні бүгінге дейін сақталып қалуына марқұм Әліби Қойлыбаев пен Рысжан Ілиясовалардың қосқан үлесі зор екенін айтады.

— Кәсіби маман ретінде үлгі тұтқан адамым Рысжан Ілиясова болды. Осы кісінің «Қазына» кітабы менің жол көрсетер бағдарыма айналды. Кітаптың алпыс тоғызыншы бетінде Рысжан апайдың мынандай сөзі бар: «…Осылайша Қарабұтақтағы музейдің басы бар, аяғы жоқ болды»…

Дәл осы сөз маған қамшы болды. Музейге келген сәттен бастап, жәдігер жинауға кірістім, — деді ол.

Гүлжазира ЖОЛЖАНОВА,

Белқопа орта мектебі директорының

 оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Әйтеке би ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button