Білім

Дәулет Алтыбаев – үздік тоғызқұмалақшы

Назарбаев зияткерлік мектептері арасында тоғызқұмалақтан өткен желілік спартакиада өз мәресіне жетті.

Ақтөбе қаласындағы NIS-ке биыл түскен Дәулет Алтыбаев республика бойынша 7-9 сыныптардағы ер балалар арасында тоғызқұмалақты шебер ойнап, I орынға ие болды.

— Тоғызқұмалақ ойыны сыни ойлауға көмектесіп, логиканы дамытады. Өмірде де ойындағыдай алдын ала өз жоспарларымды жасауға дағдыландым. Соның арқасында математикалық қабілеттерім артты деп те айта аламын. Желілік спартакиадаға алғаш қатысуым. Қарсыластарым мықты болды, жеңгеніме соңына дейін сенбедім,—дейді 7-сынып оқушысы Дәулет Алтыбаев.

PlayOk платформасында қашықтан өткен желілік спартакиадаға NIS пен ISA-дан 94 оқушы қатысты.

Әйгерім АМАНҒОСОВА,

Ақтөбедегі NIS-тің баспасөз хатшысы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button