Білім

Менің дарынды шәкірттерім

Мектеп

Оқушы жетістігі – ұстаз абыройы. Ұстаз еңбегі шәкірт жетістігі арқылы көрінеді. 

Бүгінде  4 «Ә» сыныбында оқитын Азамат Нұрлан  мен Алсу Қонысбайдың жетістіктері арқылы өзімнің шығармашылық ізденісімнің жемісін көре аламын.                                                                  Азамат пен  Алсудың математикаға деген қабілеті 3-сыныптан бастап байқалды.  «Алтын сақа» атты мектепішілік математикалық сайыста жүйріктігімен көзге түсіп, екеуі де қалалық кезеңге жолдама алды. Қалалық байқаудан Азамат — ІІ , Алсу  жүлделі III орынды қанжығасына байлап, мектеп абыройын асқақтатып, облыстық кезеңге өтті. Математикалық сайыстың облыстық кезеңі де менің оқушыларым үшін сәтті болды.  Азамат бұл жолы  III орынды иеленді.

Азамат пен Алсу бос уақыттарында «Зерделі ақыл-ой дамыту» мектебінде математика пәнін тереңдетіп оқиды.  Сонымен бірге ағылшын тілі пәнінен қосымша сабақ алады. Азамат мектепішілік хорға қатысып, музыкалық жағынан да өнерін көрсетіп жүр.

Талапты шәкірттеріме алдағы уақытта тек сәттілік тілеймін!

Айгүл ИСЛАМОВА, №30 қазақ орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі.                                                                                                              Ақтөбе қаласы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button