Спорт

Еламан — халықаралық турнирдің қола жүлдегері

Жуырда Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдер арасында самбодан  өткізілген жарыста Ұлттық ұланның №6655 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, қатардағы жауынгер Еламан Қойшыбаев қола жүлдегер атанды.

Жарыс барысында табысты өнер көрсеткен қазақстандық спортшы жартылай финалда қырғыз самбошысы Жамалбек Асылбектен жеңіліп, 3-орынды місе тұтты.

Самбодан Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің ойындарында қолдау көрсеткен және еліміздің атынан өнер көрсетуге мүмкіндік жасаған жандарға шын жүректен алғыс білдіргім келеді. Ұлттық ұлан қолбасшылығы маған елімізді халықаралық аренада танытуға мүмкіндік жасады. Бұл маған спортшы ретінде де, тұлға ретінде де өсуге көмектесетін керемет тәжірибе болды, — дейді Еламан.

Айта кетейік, ТМД елдерінің ойындары — ұлттық және олимпиадалық спорт түрлеріне негізделген жарыстардың бірі. Осындай жарыстарды өткізудің арқасында қатысушылар спорттық шеберліктерін арттырып, халықаралық жарыстарда мол тәжірибе жинайды.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button