Ауыл

Арайлымның құстары

Шалқар ауданы Шетырғыз ауылының тұрғыны Арайлым Доштиярованың 100 тауығы бар. Ол бұл кәсіпке  «Ауыл аманаты» жобасы арқылы қол жеткізген.

Аталған жобамен 1 миллион 800 мың теңге несие алып, үй құстарының басын көбейтуді бастапты.  Арайлымның ауылға келін болып түскеніне 5 жылдай уақыт болған.

«Ауыл аманаты» жобасының тиімділігін ауылымыздың әкімі Жанна Әбденовамен кездесуде тереңірек түсіндім. Пайызы аз, ойлаған кәсібіңді жүзеге асыруға қолайлы бағдарлама екендігіне көз жеткізе келе, жолдасым екеуіміз ақылдасып, құс шаруашылығын дамытсақ деген бір шешімге келдік. Қазіргі күні жүздің үстінде тауығымыз бар, алда оның санын тағы да арттырамыз. Құстың басқа да тұқымдарын алдыртқымыз келеді. Ауылда тек қана мал шаруашылығымен қалып қоймай, өзге де шаруашылықтарды жандандыруға мүмкіндік бар.  Өйткені қазір  көгілдір отыны бар, ауызсу мәселесі шешілген, — дейді Арайлым.

Ауладан кәсіп ашуға талпынған бала-келіннің талабын ата-енесі Бекболат аға мен Ақтолық апай да бірден қолдапты.  Жаңа  жобаның арқасында қора-жайға жиналған құстарды олар да көзінен таса қылмайды. Уақтылы жемін, суын береді. Отбасылық кәсіпке айналған жобаның жемісі  көп ұзамай көрінуге тиіс.

Мұхтар МЫРЗАЛИН,

Шалқар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button