Ауыл

Қоғам белсенділігін арттыру — уақыт талабы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының базалық бағыттары Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасында көрсетілгені белгілі.

Тұжырымдаманы іске асыру мақсатында Ойыл ауданында бірқатар іс-шаралар атқарылып жатыр.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасына облыс бойынша экология, жол және инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, жер, құрылыс және тұрғын үй, экономика және қаржы бағыттары енгізілген. Аталған бағыттар бойынша Ойыл ауданы тәуекелдер картасына енгізілмеген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және оның кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік жағдайын қалыптастыру  үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда қоғамның белсенділігін арттыруға басым бағыт беріліп отыр.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде «Ақтөбе — адалдық алаңы» жобасы  негізінде 2020 жылдан бастап аудан әкімдігі ғимаратында фронт-кеңсе ашылып, тұрғындарды  қабылдау «OPEN SPACE» қағидатына сәйкес жүзеге асырылып келеді. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар қызметінің жариялылығын қамтамасыз ету, қызмет алушы азаматтарға қолайлы жағдай қалыптастыру және шенеуніктермен байланыс кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында Ойыл ауылдық округінің ғимаратында «Ақтөбе — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің аясында қажетті қызметтерді бір ғимараттың ішінде алуға мүмкіндік беретін «Сервистік әкімдік» ашылып, мемлекеттік қызметтерді көрсететін мекемелер орналастырылды. Ш.Берсиев атындағы ауылдық округ әкімдігі ғимаратында «Ашық әкімдік» жобасы іске қосылды.

Жалпы, аудан бойынша барлық мемлекеттік мекемеде өз-өзіне қызмет көрсету орны жасақталған.  Атап айтсақ, олар 7 ауылдық округ әкімі аппараттарында,  жергілікті атқарушы органға қарасты 6 бөлімде, мектептерде және аудандық ауруханада бар.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, барлық елді мекеннің тұрғындарымен әр тоқсан сайын кездесулер   ұйымдастырылып, проблемалық мәселелердің пулын жасау үшін комиссия құрылып, жұмыс жасауда. Әр тоқсан сайын кездесулерде халықтан келіп түскен сұрақтар мен ұсыныстардың орындалуына талдау жүргізілуде.

Азаматтардың бюджеттік бағдарламаларды, нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын талқылауға қатысуына, статистикалық ақпарат алуына және мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшыларына проблемалық мәселелермен жүгінуіне мүмкіндік беретін «Ашық үкімет» электронды платформасында ашық деректердің бес порталы («Ашық бюджеттер», «Ашық НҚА», «Ашық деректер», «Мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалау», «Ашық диалог») құрылды.

«Е-Өтініш» арнаулы сервисі бүгінде азаматтардың өтініштері аясында қарқынды жұмыстар жүзеге асыруда. Мұнда ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі талаптарына сәйкес арыздардың қаралуын онлайн режимде қадағалауға мүмкіндік береді. Аталған жүйе арқылы осы жылдың 5 айында 183 жазбаша өтініш қаралды.

Өздеріңізге белгілі, мемлекеттік қызметтердің сапасын көтеру және қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру мәселелері — елімізде жүргізілетін жемқорлыққа қарсы саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары, регламенттері мен қағидалары бүгінде бірыңғай құжатқа жинақталып, халыққа қызмет көрсету орталықтарында «бір терезе» қағидаты бойынша іске асырылады. Биылғы жылдың 7 айында аудандық жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 61 түрі бойынша электронды түрде көрсетілетін қызметтердің жалпы үлесі  93,9 пайызды құрады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу, шағымдану жағдайлары болған жоқ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерді құру мақсатында квазимемлекеттік секторларда  аудан әкімдігіне қарасты квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тізілімі қалыптастырылды,  осы тізілімге енгізілген екі кәсіпорында ( «Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  «Ойыл аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны және «Ойыл аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Көкжар» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны) заңды тұлғалардың комплаенс офицерлері кәсіпорын басшыларының бұйрықтарымен тағайындалып, олардың лауазымдық нұсқаулықтары бекітілді, олардың атқарған жұмыстарының есебі тоқсан сайын бекітілген нысандар бойынша ұсынылып отыр.

2022 жылдың қараша- желтоқсан айларында аудан әкімдігіне қарасты барлық бөлімдер мен ауылдық округтерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары ұйымдастырылды.

Барлық ауылдық округтерде тақырыптық 11 баннер жаңартылып, орнатылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша аудандық «Ойыл» газетінде жыл басынан бері 9 мақала жарияланды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды ақпараттық сүйемелдеу мен түсіндіру мақсатында, оның ішінде мемлекеттік қызметтегі шектеулерді сақтау жөнінде және мүдделер қақтығысының алдын алу және шешу, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында биыл екі семинар-кеңес өткізіліп, тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында аудан әкімдігінің әлеуметтік желілеріне ақпараттық бейнероликтер салынып, насихатталуда.

Мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізіліп, атқарылған шаралар  әлеуметтік желідегі парақшаларда жарияланды.

Бүгінде аудан бойынша әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің штат саны — 93. Осы уақытқа дейін мемлекеттік қызметтің бос лауазым орындарына 8 ашық конкурс жарияланып, бір мемлекеттік қызметшінің мансабы біліктілік негізінде жоғарылатылды. 14 мемлекеттік қызметші біліктілікті арттыру курсынан өтті. Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығы бойынша тәртіптік жазаға тартылған мемлекеттік қызметшілер болған жоқ.

Алдағы уақытта ауданда сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында өткізілетін іс-шаралар жалғасын табады.

Асқар Қазыбаев,

Ойыл ауданының әкімі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button