Ауыл

Еңбек үлкен мұраттарға жеткізеді

 

Ауыл тұрғындарына «Ауыл аманаты» жобасы кәсіп бастауға жол ашты. Бұл — Мемлекет басшысының «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында қолға алынған бастама.

Мәртөк ауданында кәсіп бастағандардың бірі — 29 жастағы ауыл тұрғыны Самал Абаева. Ол — жылыжай салу үшін «Ауыл аманаты» жобасы аясында несие алған жас кәсіпкер.
— Мен 4 миллион 200 мың теңге несие алуға өтініш берген болатынмын. Өтінішімді қарап, маған 3 миллион 800 мың теңге көлемінде несие берді. Қаражатты алған соң 2 гектар жерге жүгері ектік. Ол үшін түгелдей тамшылатып суару әдісін қолданылды. Мұнан бөлек, 40 шаршы метр жерге жылыжай мен мал азығын да-
йындайтын үй-жайдың құрылысын бастадық. Әрине, алынған несиеден бөлек, өз қаржымызды да қостық. Еңбектену үлкен мұраттарға жеткізеді. Өзім секілді жастарға айтарым, еңбек етуден шаршамаңыз, — дейді екі баланың анасы Самал Абаева.
Әлиянұр КЕЛБАТЫРОВА,
Мәртөк ауданы

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button